Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың қатысуымен Қазақстан Рсепубликасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция

Ақтөбе облысының әкімі А.Б.Мұхамбетовтың қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді.

  • Сұрақтар: 33
  • Жауаптар: 33
  • 14.05.2012
  • 17.05.2012
  • Акимат Актюбинсткой области

Маңғышлақ станциясының тұрғындары 13.06.2012, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Саламатсызба Б.Ә.Мұхамеджанов мырза!!! Біз Мұнайлы районынан,бұрынғы ст. Маңғышлақ елді мекенінің тұрғынымыз.Біздің айтатынымыз ст.Маңғышлақта санаулы уй бар,( этаж уйлер ), осы уйлердің жағдайлары өте нашар,подьвалдары судан толы,иіс-коңыс, электро-энергиямыз әлсіз жиі сөніп қала береді, әсіресе маса көп. Кондомимом программасы қарық қылып жатқаны шамалы,құжат дайындауы ұзаққа созылды,әсіресе №41 үй өте нашар,тұрғындар программамаға келісімін берді,құжаттар 2012-нің қантар айынан бері дайындалып жатыр,күзге дейін бітетін түрі жоқ.Бұл жайында районный және сельский акиматтардың да хабары бар.Осы мәселемізді шешіп,көмектесуінізді сұраймыз??

Администратор 15.06.2012

Маңғышлақ станциясының тұрғындарына: Ағымдағы жылы Маңғыстау селосындағы № 41,48,50 көпқабатты үйлердің пәтер иелерінің жалпы жиналысы өткізіліп, кондоминиум объектісін тіркеу және күрделі жөндеу жұмыстарына көпшілік дауыспен (82%) келісімі алынды. Бұл бағытта аталған үйлерге жергілікті әкімнің шешімі шығарылып, мемлекеттік жер актісін және техникалық паспортын жасақтау жұмыстары бюджет қаражаты есебінен толықтай орындалды, күрделі жөндеу жұмыстарына нақты қаражат көзі ағымдағы жылға қарастырылған. Сонымен қатар, жоғарыда аталған үйлердің тұрғындарымен кездесу өткізіліп, тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарына ақау актісі жасақталды, қазіргі таңда мердігер мекемені пәтер иелерімен бірге анықтау жұмыстары жүргізілуде.