Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың қатысуымен Қазақстан Рсепубликасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция

Ақтөбе облысының әкімі А.Б.Мұхамбетовтың қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді.

  • Сұрақтар: 33
  • Жауаптар: 33
  • 14.05.2012
  • 17.05.2012
  • Акимат Актюбинсткой области

Бегеш Мәншүк Бақытқызы 13.06.2012, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Құрметті Бауыржан Мұхамеджанов. Қаланың іргесінде орналасқан Өмірзақ елді мекенінің МУ-3 тұрғындары атынан сізге өтініш жолдап отырмыз. Көп жылдан бері шешімін таба алмай жатқан ауылымыздың өзекті мәселелері бар. Ол өзіңізге белгілі ауыз су, көше жарығы және тас жолдары. Бұл мәселелер турасында ауылымыздың әкімі орынан ауысқан сайын, хабардар етіп келеміз. Өкінішке орай, атқарылып жатқан жұмыс көрінбейді. Ауылымыздан " Волжск" су құбыры өтіп жатса-дағы, әлі күнге дейін, суды сатып алып отырмыз. Электр станциясы үйіміздің жанында орналассада, көшеміздің жарығы жанбай тұрғалы қашан? Шұрық-тесік, ойдым-ойдым жолдар мәселесі де талай айтылып, қорытындысыз қалып жатыр. Сіздің бастаған жұмысты аяқсыз қалдырмайтыңызға сенеміз. Сондықтан ауылымызды ауыз сумен, қамтамасыз етуіңізді сұраймыз. ХХІ - ғасырда өмір сүріп, ауыз суды сатып алып, ішуіміз ұят емес пе? Өзіңізден қолдау күтеміз. Өмірзақ ауылы, МУ-3 тұрғындары.

Администратор 15.06.2012

Құрметті МУ-3 тұрғындары! 2011 жылдың қараша айында Өмірзақ селоішілік ауыз су құбырларын қайта жаңартудың жобалық-сметалық құжаттарын (одан әрі - ЖСҚ) дайындауға қаражат бөлініп, ЖСҚ дайындалып, қазіргі кезде мемлекеттік сараптамадан өтуде. Жобаның мемлекеттік сараптамасы алынғаннан кейін Өмірзақ ауылының су құбырларын жаңартуға қаражат бөлу мәселесі қаралып, ауыл, соның ішінде МУ-3 тұрғындары 100 % ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Өмірзақ ауылынан МУ-3 елді мекеніне дейінгі 400 метр тас жолын салу бойынша ЖСҚ жасақталып, жергілікті бюджеттен қаражат бөлу туралы сұраныстар жіберілді. Алдағы уақытта тас жолын салу және көшелерді жарықтандыру мәселелері оң шешімін табады.