Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың қатысуымен Қазақстан Рсепубликасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Ақтөбе облысының әкімі А.Б.Мұхамбетовтың қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді.
- Сұрақтар: 33
- Жауаптар: 33
- 14.05.2012
- 17.05.2012
- Акимат Актюбинсткой области
Жанбуршина Жақсы Есмырзақызы 13.06.2012, Сұрақ нөмірі:
Сәлеметсізбе, Бауыржан Мұхамеджанұлы! Мен, Жанбуршина Жақсы Есмырзақызы сізге осы жылдың наурыз айында және жауап болмағасын, сәуір айында қайтадан www.mangystau.kz сайтына сол арызды жолдадым. Сіз берген жауапта сотқа жүгіну туралы жазылған екен. Жоғарыда көрсетілген сайттан қанағаттандырарлық жауап ала алмағандығымды, арызымның Сізге жетпегендігі деп есептеп, осы арызымды үшінші рет www.e.gov.kz сайтына жолдап отырмын. Маңғыстау облыстық қаржы бақылау инспекциясында 17 жыл бойы бас маман тексеруші, бөлім бастығы қызметтерін атқарып келдім. 2010 жылы Ақтау қалалық мәслихатының шақыртуы бойынша тамыз айының 16-сы күні №42 санды өкімімен Ақтау қалалық мәслихаты аппаратының тексеру комиссиясы аппаратының бөлім бастығы болып, ауысу тәртібі бойынша жұмысқа тағайындалдым. Алайда, 2011жылдың 16- шы тамызында Қазақстан Республикасының 2011жылғы 21 шілдедегі №465-IV «Қазақстан Республикасының кейбір Заңнамалық негіздеріне сырқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, Ақтау қалалық мәслихаты аппаратындағы тексеру комиссиясын таратуына байланысты, менің жасап жүрген қызметімнің қысқартылуы мүмкін екендігі туралы хабарлама алдым. Осы уақытта барлық облыс, аудан, қалалық мәслихаттардағы тексеру комиссиялары таратылып, орнына Маңғыстау облыстық тексеру комиссиясы мемлекеттік мекемесі құрылды. Осыған бірінші кезекте жұмысқа таратылған барлық мәслихат тексерушілері алынуға тиіс болатын. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі №453 Мемлекеттік қызмет туралы заңның 24 бабының 4- тармағында «Мемлекеттік орган таратылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайда мемлекеттік әкішілік қызметшілер жаңадан құрылған не басқа мемлекеттік органда өздерінің біліктілігіне сай жұмыспен қамтамасыз етіледі», - делінген. Алайда, жаңадан құрылған мекеменің бастығы М.Жаңбырбаев бұл жұмысқа мені алмай, өзіне керекті адамдарды басқа мекемелерден жинап алды және менің қасымда жұмыс жасаған қызметкерді ауысу тәртібімен жұмысқа шақырып алды. Сонымен жоғарыдағы айтылған Заңнамалық актілерге өзгерту енгізілуіне байланысты 2011жылдың 19-шы қыркүйек айында Ақтау қалалық мәслихатының № 58 санды өкімімен жұмыстан босатылдым. Алайда, маған осы уақытқа дейін хабарламада көрсетілген басқа лауазымдық жұмыс, қалалық әкімшілік бөлімдерінде де, мәслихатта да бос орын бола тұра біліктілігіме сәйкес ұсынылған жоқ. Өткен жылдың қараша айында Маңғыстау облысының әкімі Қ.Е.Көшербаевқа және Ақтау қаласының әкімі О.Д.Қазақбаевқа, Маңғыстау облысының тұрғындарын әлеуметтік қорғау және еңбек департаментінің бастығы Т. Идрисовқа жазған арыздарымнан қанағаттандырарлық жауап ала алмадым. Барлық келген жауаптарда сотқа жүгіну туралы жазылған. Осы мәселемен сіздің орынбасарыңыз Қ.Жұмашевтің қабылдауында да болдым. Маған Ақтау қаласының әкімі О.Д.Қазақбаев Ақтау қалалық білім бөлімі бастығының қаржы жөніндегі орынбасары қызметіне орналастыруға уәде берген. Бірақ, ол уәде күні бүгінге дейін орындалған жоқ. Жұмысқа орналастырылмай отырған себебі: жазған тексеру акттерімнің әсерінен деп ойлаймын. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің «Әйелдердің және отбасылық міндеттері бар өзге адамдардың еңбегін реттеу ерекшеліктері» тарауының № 185 бабының 1- ші тармағында «Жүкті әйелдермен, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдер мен он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы) тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналармен, аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп отырған өзге де тұлғалар мен еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзуға жол берілмейді», - делінген. Менің асыраушым жоқ, мектепте оқитын балам бар. Жеті айдан бері баламның жәрдемақысымен күнелтіп отырғанымды сіздің қаперіңізге бере отырып, мені жұмысқа орналастыруға көмектесуіңізді сұраймын.
Үй телефоным: 43-59-78, ұялы телефоным: +77016845225
Арыз иесі: Жанбуршина Жақсы Есмырзақызы
Администратор 15.06.2012
Құрметті Жақсы Есмырзақызы! Сіздің қойып отырған мәселеңіз бойынша толықтай танысып шықтым. «Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тарапынан өткен жылдың 12 желтоқсанында «Ақтау тұрғын үй» МКК-не мемлекеттік сатып алу жөніндегі бас маманы, сондай-ақ, қалалық мәслихаты аппаратының бас маманы лауазымдары ұсынылып, Сіз аталған қызметтерден бас тартқан екенсіз. Қазіргі таңда Ақтау қалалық әкімдігінің «Тұрғын үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесінде қаржы жөніндегі бөлім меңгерушісі және бала күтіміндегі бас маман лауазымдарына конкурс жарияланады. Конкурс туралы хабарландырулар қалалық «Ақтау ақпарат», облыстық «Маңғыстау», «Огни Мангистау» газетерінде жарияланады. Аталған лауазымдарға кандидатураңызды ұсынуыңызға болады.