Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі А.И.Мырзахметовтың қатысуымен Қазақстан Рсепубликасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі А.И.Мырзахметовтың қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді.
- Сұрақтар: 23
- Жауаптар: 23
- 09.04.2012
- 09.04.2012
- Акимат Южно-Казахстанской области
шарапов Дастан Бақбергенұлы 09.04.2012, Сұрақ нөмірі:
Елбасымыздың тапсырмасымен дайындалып, қазір Астанамен қоса алгашқылардың бірі болып Шымқалада жүргізіліп жатқан «Қол жетімді тұрғын үй» мәселесінің облыстағы жай күйі қандай? Мен өзім Шымқалада қызмет еткенімде мемлекеттік қызметкердің айлық ақысы қай жағынанда алып қарасақта «қол жетімді тұрғын үй» қағидасымен еш сәйкес келмейтін. Соның салдарынан мемлекеттік бағдарламаға іліге алмай жүрдік.
Сондықтан Республика деңгейінде жасалған қол жетімділік параметрлері Шымқалаға да қолданылады ма? Әлде онда жергілікті жағдай ескеріле ме? Мен қазір Астана қаласында тұрамын. Еш кедергісіз, мемлекеттік бағдарламаға құжаттарымды өткізіп, тиісінше, еш кедергісіз, қалалық әкімшіліктің әділетті түрде шешім қабылдауы себепті пәтерлі болдым. Ал Шымқалада жұмыс істеп жүргенде танысың болмаса тұрғын үй басқармасының маңайына да жолай алмайтын едік. Мына қолжетімді тұрғын үй тағыда соның кебін кимейді ме?
Администратор 10.04.2012
2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған тұрғын үйлерді сату ережесіне сәйкес алушының кіріс деңгейлері негізге алынған. Сондай-ақ, несие беруші банк өз тарапынан азаматтардың төлем қабілеттілігін оң бағаланған жағдайда ғана пәтер бөлінген. Елбасының халыққа жолдауына сәйкес ҚР Үкіметі тарапынан «Қол жетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы әзірленуде. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында кезекте тұрған азаматтардың белгіленген тәртіпке сәйкес тұрғын үйге қол жеткізу мүмкіндіктері бар.