Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауының басымды бағыттарын өңірдегі жүзеге асыруы туралы» Атырау облысындағы өткізілетін Интернет-конференция
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтің 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауының басымды бағыттарын өңірдегі жүзеге асыруы туралы» Атырау облысындағы өткізілетін Интернет-конференция
- Сұрақтар: 19
- Жауаптар: 17
- 17.05.2011
- 19.05.2011
- Атырау облысының әкімдігі
БеркалиевБердибек 18.05.2011, Сұрақ нөмірі:
Азық – түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру бойынша облыс әкімдігімен қандай жұмыстар жүргізіледі?
Администратор 18.05.2011
Бағаны тұрақтандыруда облыс әкімдігі тиімді шаралар қабылдауда, соның ішінде: тұрақтандыру қоры құрылып, көкөніс өнімдері ірі сауда орталықтары мен базарларда төмендетілген бағамен сатылуда. Облыстық бюджеттен «Атырау» ӘКК арқылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алуға 407 млн.теңге бөлінді. Әкелінген тауарлар қала және аудандар базарларында және супермаркеттерінде сатып алу бағасымен, аз үстем ақысымен сатылып жатыр. Азық-түлік барлық сауда нүктелерінде жеткілікті мөлшерде. Апта сайын облыстық орталықта және аудандарда ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өткізілуде. Облыс әкімдігі жеке мемлекеттік әріптестердің шарттарымен жылыжай және көкөніс сақтау қоймалары салынуда, сонымен қатар, жұмыртқа және ет бағытындағы екі құс фабрикасын салу жоспарлануда, нәтижесінде импорттық тәуелділік едәуір азаяды.