Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауының басымды бағыттарын өңірдегі жүзеге асыруы туралы» Атырау облысындағы өткізілетін Интернет-конференция
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтің 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауының басымды бағыттарын өңірдегі жүзеге асыруы туралы» Атырау облысындағы өткізілетін Интернет-конференция
- Сұрақтар: 19
- Жауаптар: 17
- 17.05.2011
- 19.05.2011
- Атырау облысының әкімдігі
Абатова Аслай 18.05.2011, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Бергей Сәулебайұлы! Біз Авангард3 ықшам аудан тұрғындарының атынан хабарласып тұрмыз. Терможаңғырту жұмыстары жүргізіледі деп естіп жатырмыз. Жалпы терможаңғыртуға түсінік берсеңіз?
Администратор 18.05.2011
Бүгінгі таңда терможаңғырту жұмыстарын жүргізуге қала бойынша 9 көп қабатты тұрғын үй және 9 әлеуметтік сала анықталып, энергоаудит жұмыстары жүргізілді. 2020 жылға дейін облыс бойынша барлық жөндеуді қажет ететін тұрғын үйлерге терможаңғырту жұмыстары жүргізілетін болады. Ғимараттарды Терможаңғырту дегеніміз бұл қоршау конструкцияларының жылу техникалық сипаттамаларын жақсарту - қабырғалар арқылы жылудың жоғалуын азайту (бұл шамамен 22 пайызды құрайды), терезелер арқылы - (14%), еден және төбелік жабын арқылы – (10%), желдету жүйелері арқылы – (54%). Жылу жоғалу дегеніміз – белгілі бір уақыт аралығында пәтерден жоғалатын жылу энергиясы. Бұл көрсеткіш сыртқы орта температурасы неғұрлым төмен болған сайын арта береді. Жылудың жоғалуы – қабырға, есік, терезе және басқа да қоршау конструкцияларының жылу сақтау қабілетіне тәуелді. Жоғалатын жылудың елеулі мөлшері сырттан ішке енетін суық ауаны жылытуға жұмсалады (инфильтрация). Есік-терезенің жылу ұстау қабілетін арттыру бөлме температурасын 3-5 градусқа дейін арттырады. Жылыту аспабының (радиатор) қабырға жағына пенофолдан жасалған экран орнатып, радиатордың ішін тазартып, күнгірт түске бояса, бұл жылуды 5-10 пайызға арттырады. Экран – жылу шағылдыратын қаңылтыр қабаты бар, көбіктелген негіздегі материал. Күңгірт түске боялған радиатор ашық түске қарағанда жылуды 6-8 пайызға артығымен беретіні дәлелденіп отыр. Есептегіш құралдарын және автоматты реттеу жүйесін орнату жылу жоғалтуды 20-25 пайызға азайтады.