Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың қатысуымен Қазақстан Рсепубликасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция

Ақтөбе облысының әкімі А.Б.Мұхамбетовтың қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді.

  • Сұрақтар: 33
  • Жауаптар: 33
  • 14.05.2012
  • 17.05.2012
  • Акимат Актюбинсткой области

Ілмұхамедов Қайрат Халипаұлы 14.06.2012, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Маңғыстау облысының әкімі Б. А. Мұхамеджанов мырзаға Қарақия ауданы Құрық селосы 1-52-21 мекен жайының тұрғындарынан байланыс телефоны 8(72937)21462 Арыз Біз төмендегі қол қоюшылар Құрық селосының 1шағын аудан 52 үйінде ұзақ жылдан бері тұрамыз. Үйіміз ескі кәріздері істен шыққан, жылу жүйесі жоқ. Экономиканың құлдырау кезеңінде істен шығып қалған «Тұрымтай тұсына» кеткен қиын заманда осы үйде аз ғана тұрғын қалдық содан бері біз үкіметтің тарапынан ешқандай қолдау көрген емеспіз. Үйіміз ескі болғандықтан жобалау жоспарында жөндеуге ешқандай ақша қаралмаған деп, үйге су құбырыда ел қатарлы тартылған жоқ. Бір неше рет аудан әкімдігіне хатпен шыққанымызда өздеріңіз көршілер болып су құбырын жүргізіп алыңыз деген жауап алдық. Аудан әкімі Ә. Қ. Дауылбаев мырзаның ел алдындағы есебінде село түгелдей газбен, сумен жабдықталды деген болатын. Мүмкін біздің қараусыз қалғанымыз ол кісінің құлағына жетпей жатыр ма, әлде неше рет арыздансақта, әлде халық мұқтаждығына деген немқұрайлылық па, біз әлі күнге сусыз отырмыз. Ауылды сумен қамтамасыз ететін су тасушы машиналарда, біздің ауылды көбіне ұмытып кетіп аптасына жалғыз рет қатынайды. «Отын қорлық, су қорлық» деп атамыз қазақ айтқандай айдын күннің аманында, ел басымыз тұрғын үймен, тұрғын үйдегі толық жағдайымен қамту қажет деп ұрандап жатқанда отын, судан қорлық көріп отырған жайымыз бар. Құрметті Бауыржан Алимович бір топ тұрғындар болып сізге арызданып отырған себебіміз, сіздің ел басы саясатын жүзеге асыру жолында адал еңбек ететін, әділдікті жақтайтын, шыншыл да сыншыл азамат екендігіңізге құлағдар болып, әділ шешім жасайтыныңызға сенімімізден туындап отыр. Сізге деген ілтипатпен 1шағын аудан 52үй тұрғындары: 1. Ілмұхамедов Қ 2. Исашов Ж 3. Ахмедова Ш 4. Қуан Г 5. Кусимисова С 6. Кульжумирова О 7. Садақбаева Н 8. Тиасова А 9. Тукимов К 10. Усембаев О 11. Усембаева А 12. Баспаева Ұ 13. Абдрешова Г 14. Қаражігітова Г 15. Шаяхметов Е 16. Оңайбаев Д 17. Таирова

Администратор 15.06.2012

Құрметті село тұрғындары! Қарақия ауданының Құрық селосы бойынша 28 шақырым ауылішілік су құбырының құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, 2011 жылдың екінші тоқсанында іске қосылды. Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес жүргізілген ауыл ішілік су құбырынан жеке тұрғын үйлерге су құбырын қосу қаралмаған. Сондықтан тұрғындар өздерінің үйлеріне су құбырларын жеке қаражаты есебінен тарттыртып алады. Құрық селосы бойынша орталық жылу қазандығы болмауына байланысты, тұрғын үйлер жеке жылу беру қазандықтарын пайдалануға өткен. Сонымен қатар Құрық селосы бойынша 2009 жылы ауылішілік 18 шақырым кәріз құбыры жүргізілді. Қазіргі таңда кәріз суларын тазарту қондырғысының құрылысын салу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақтау жұмыстары жүргізілуде.