«2011 жылдың 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының өңірдегі басымды бағыттардағы жүзеге асыру барысы туралы» тақырыбына Қызыл-Орда облысың әкімі Болатбек Баянұлы Қуандыковтың қатысуымен өтетін интернет-конференциясы
«2011 жылдың 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының өңірдегі басымды бағыттардағы жүзеге асыру барысы туралы» тақырыбына Қызыл-Орда облысың әкімі Болатбек Баянұлы Қуандыковтың қатысуымен өтетін интернет-конференциясы
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 08.07.2011
- 08.07.2011
- Интернет-конференция Кызылординской области на тему: «О ходе реализации в регионе приоритетных направлений Послания Главы государства народу Казахстана от 28 января 2011 года «Построим будущее вместе!».
Төлеу Нұртуған 08.07.2011, Сұрақ нөмірі:
Жақында облыстық теледидардан үлкен Аралға өтіп кеткен балықтарды құтқару акцияларын көріп қалдым. Осы акция уақытша емес пе? Алдағы уақытта Көкарал бөгетін 47 метрге деген көтеру мәселесі қалай шешіліп жатыр?
Администратор 08.07.2011
Рас, Көкарал бөгетінің төменгі жағындағы ондаған шақырымға дейінгі аралықта арнадағы судың түбінен бетіне дейін тұтастай миллиардтаған балық шабақтары жинақталып, Көкарал бөгетіндегі су құрылысынан Солтүстік Арал теңізіндегі таза суға өте алмай, тұзды суда қырылуда. Бұл оншақты жыл көлемінде қалыптасып отырған жағдай. Қазіргі уақытта облыстық бюджеттен 1,5 млн. теңге қаржы бөлініп, Көкарал су тоспасының төменгі жағындағы шабақтарды құтқару жұмыстары жүргізілуде. Шамамен екі миллион шамасында балық шабақтары құтқарылып Солтүстік Арал теңізіне жіберілді. Бұл құтқару шаралары жалғасатын болады. Бүгінгі күні облыс әкімдігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына САРАТС-2 жобасының екінші кезеңінде Сарышығанақ бұғазында құрылыстар кешенін салу компонентінің орнына Көкарал бөгетін 48 метрге көтеру арқылы Солтүстік Арал теңізін бірдеңгейлі етіп, қайта қалпына келтіруді ұсынып отыр және осы жобаны іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетімен жан-жақты зерттеу, талқылау жұмыстары атқарылуда.