СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2011 ЖЫЛҒЫ 28 ҚАҢТАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА «2011 ЖЫЛҒЫ 28 ҚАҢТАРДАҒЫ «БОЛАШАҚТЫҢ ІРГЕСІН БІРГЕ ҚАЛАЙМЫЗ!» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА БАСЫМДЫ БАҒЫТТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ» ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Біләлов Серік Сұлтанғазыұлының қатысуымен «2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының Солтүстік Қазақстан облысында басымды бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» тақырыбына интернет-конференция
- Сұрақтар: 22
- Жауаптар: 22
- 20.09.2011
- 21.09.2011
- СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2011 ЖЫЛҒЫ 28 ҚАҢТАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА «2011 ЖЫЛҒЫ 28 ҚАҢТАРДАҒЫ «БОЛАШАҚТЫҢ ІРГЕСІН БІРГЕ ҚАЛАЙМЫЗ!» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА БАСЫМДЫ БАҒЫТТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ» ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Нуралин Тимур Давыдович 20.09.2011, Сұрақ нөмірі:
Қызылжар ауданының Белое с. 2010 жылдан бастап су құбырын қайта жаңарту жүргізілуде. Бұл жұмыстар қашан аяқталады?
Администратор 21.09.2011
Республикалық бюджет трансферттер есебінен «Қызылжар ауданының Белое с. сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту» инвестициялық жобасын іске асыру 2010 жылы басталды. Жобаның жалпы құны 282625 мың теңгені құрайды. Жобамен Березовка с. су құбыры имараттары алаңының құрылысы (сорғы станциясы, таза су резервуарлары, сүзгі-сорғылары), Белое с. 11,1 км су тартқыш, су құбыры имараттары алаңының құрылысы (сорғы станциясы, таза су резервуарлары, сүзгі-сорғылары) және Белое с. 3,9 км таратушы желілерді қайта жаңарту қарастырылған. 2010-2011 жылдары жобаны іске асыруға 77000 мың теңге бөлінді. Бөлінген қаражаттың есебінен Березовка с. су құбыры имараттары алаңының құрылысы аяқталуда және ұзындығы 6,7 км Белое с. дейін су тартқыш құрылысы орындалды. Қызылжар ауданының Белое с. сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту жөніндегі жұмыстарды аяқтау 2012 жылға жоспарланған.