СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2011 ЖЫЛҒЫ 28 ҚАҢТАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА «2011 ЖЫЛҒЫ 28 ҚАҢТАРДАҒЫ «БОЛАШАҚТЫҢ ІРГЕСІН БІРГЕ ҚАЛАЙМЫЗ!» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА БАСЫМДЫ БАҒЫТТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ» ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Біләлов Серік Сұлтанғазыұлының қатысуымен «2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының Солтүстік Қазақстан облысында басымды бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» тақырыбына интернет-конференция
- Сұрақтар: 22
- Жауаптар: 22
- 20.09.2011
- 21.09.2011
- СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2011 ЖЫЛҒЫ 28 ҚАҢТАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА «2011 ЖЫЛҒЫ 28 ҚАҢТАРДАҒЫ «БОЛАШАҚТЫҢ ІРГЕСІН БІРГЕ ҚАЛАЙМЫЗ!» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫНЫҢ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА БАСЫМДЫ БАҒЫТТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ» ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ
Гүлмира 20.09.2011, Сұрақ нөмірі:
Жүрек ақауы бар біздің облыстың балалары қайда операция жасай алады?
Администратор 21.09.2011
2009 жылдан бастап Астана қаласында Ұлттық ғылыми медициналық орталықта балалар кардиохирургиялық бөлімшесі ашылды, онда жүрегінде туа біткен ақауы бар балаларға тегін операция жасалады. 2003 жылдан бастап Ресеймен ынтымақтастық аясында балаларға кардиохирургиялық көмек біздің облыста балалар ауруханасының базасында, сондай-ақ Түмен қаласындағы облыстық клиникалық аурухана базасында жасалады. Бүгінгі күні ынтымақтастық кезеңінде облыста 2011 жылдың басынан бері Түмен облыстық клиникалық ауруханасының дәрігер-кардиохирургтары жүрегінде туа біткен ақауы бар барлығы 486 балаға операция жасады. Жүрек ақауын операциямен емдеуге жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат мөлшері 211,8 млн.теңгені құрады. 2011 жылы біздің облыста облыстық балалар ауруханасының базасында балалар кардихирургиялық бөлімшесін ашу жоспарланған, бұған 35 млн.теңге бөлінді. Жабдықтар сатып алуға жергілікті бюджеттен 15 млн.теңге, республикалық бюджеттен 153 млн.теңге бөлінді. Петропавл қаласы облыстық балалар ауруханасының дәрігер-кардиохирургтарын Түмен облыстық клиникалық ауруханасының базасында оқыту жоспарланған. Тамыз айының басында біздің облысымыздағы кардиохирургия саласын дамыту үшін Израиль медициналық орталығының директорымен Меморандумға қол қойдық. Израиль кардиохирургі тамыз айында 12 сырқаттың жүрегіне операция жасады. Осы Меморандум бойынша Израиль мамандарымен бірлесіп жүрек клапандарына жыл аяғына дейін 36 операция жасаймыз деп жоспарлап отырмыз. Бұл қарым-қатынас 2012 жылы да жалғасын табады.