Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі А.И.Мырзахметовтың қатысуымен Қазақстан Рсепубликасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі А.И.Мырзахметовтың қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді.
- Сұрақтар: 23
- Жауаптар: 23
- 09.04.2012
- 09.04.2012
- Акимат Южно-Казахстанской области
Шарапов Дастан Бақбергенұлы 09.04.2012, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Әкім мырза! Облыс көлемінде кадрлық саясат мәселесін қозғасам ба деп едім. Облыста ол бойынша қандай жақсарту бағытында жұмыстар жасалуда. Мәселен Астанада орталық аппаратарда әр түрлі қызметте жүрген жастарды, елге тартып, біліміне, біліктілігіне, тәжіребиесіне қарай облыста басқарма бастықтары, орынбасарлары, аудандардың әкімдері, орынбасарлары қызметтеріне тарту жоспары бар ма? Себебі елдің дамуы үшін, жанжақты, сыртты көрген (биліктің жоғарғы деңгейлерінде тәжірибе алған), азаматтарды тарту ол облыстың одан әрі дамуына жақсы себеп болады деп ойлаймын. Себебі жаңа тұлғалар жаңа идеялар, жаңа көз қарастар! Әрине жергілікті кадрларды да қолдау керек! Дегенмен де жергілікті кадрдың көп жағдайда ойлау қабілеті сол өзі көрген білгенінен аспайды. Ол факт. Ал жергілікті жерде де, орталық билік аппаратында да қызмет атқарғандардың идеялық және көз қарастық жағынан да биік болады деп ойлаймын. Елбасымыз да қазір көп жағдайда шетелде, Президент Әкімшілігінде қызмет еткендерді аймақтарға жіберуді қолдап отыр. Себебі жергілікті халықпен тығыз жұмыс жасағандардың тәжірибесі орталық ақпаратқа ауадай қажет болса, орталық аппараттың тәжірибесі жергілікті жерге де ауадай қажет. Мен оны өз қызметтік өтілім кезінде толықтай түсіндім. Себебі мен Созақ ауданында қарапайым ғана маман болып, бүгінгі таңда облыстық деңгейде қызмет атқара отырып, орталық аппаратқа өтіп, мұнда жүргеніме 5 жылдың жүзі болды. Ендігі таңда осында жинаған тәжірибемді өз еліме барып пайдаға асырсам деген ниетім бар. Егер алдағы таңда жергілікті кадрлардың резервін қалыптастырсаңыздар мені қосуларыңызды сұраймын. Мені қажет деп тапсаңыздар Созақ ауданы әкімдігі арқылы тауып ала аласыздар! Алдың ала рахмет!
Администратор 10.04.2012
2009 жылы мәселенің маңыздығын ескеріп облыстық кадрлар резерві қабылданды. 2009 жылдан бері резервте тұрғандар ішінен 27 қызметкерлер жергілікті атқарушы органдардағы басшы лауазымдарға тағайындалды. Кадрлар ротациясы да жүзеге асырылуда. 2010 жылы «орталық-өңір» ротация жүйесі бойынша 4 мемлекеттік қызметкер, «өңір-орталық» бойынша 3 қызметкер ауыстырылса, 2011 жылы «орталық-өңір» ротация жүйесі бойынша 3 мемлекеттік қызметкер, «өңір-орталық» бойынша 3 қызметкер ауыстырылды. 2012 жылдың бірінші тоқсанында «орталық-өңір» ротация жүйесі бойынша 1 мемлекеттік қызметкер, «өңір-орталық» бойынша 2 қызметкер ауыстырды. Бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Сондай-ақ, қазіргі уақытта облыс аумағында «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдерде жоғарғы оқу орнын бітіріп, жұмыс істеп жатқандар саны – 23, оның ішінде 2 түлек облыс әкімі аппаратында қызмет атқаруда. Резевке кіру тәртібін облыс әкімінің аппаратынан біліуңізге болады.