Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі А.И.Мырзахметовтың қатысуымен Қазақстан Рсепубликасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі А.И.Мырзахметовтың қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді.
- Сұрақтар: 23
- Жауаптар: 23
- 09.04.2012
- 09.04.2012
- Акимат Южно-Казахстанской области
Шарапов Дастан Бакбергенұлы 09.04.2012, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Әкім мырза! Елбасының биылғы жолдауына сәйкес Жезқазған-Бейнеу темір жол құрылысы басталмақ. Осы орайда Шымкент -Жезқазған темір жолын салу жоспары жоқ па? Яғни Шымкент – Темірлан – Шаян – Шолаққаорған – Таукент – Қыземшек – Жезқазған жолы немесе тас жолын салу мәселесі бұл өз кезегінде Алматы-Астана бағытындағы жолдағы ауыртпалықты азайтып, жоғарда көрсетілген елді мекендер аймағында жаңа жол желісі құрылып, жаңа жұмыс орындары ашылып, оңтүстіктен солтүстікке тікелей жол ашылатын еді. Ал Таразбен Балқашты айналып Астанаға баратын жолдың өз ауыртпалығы қала беретін еді де, оңтүстіктен шыққан көліктер тікелей Созақ арқылы арқаға шығып, бұл өз кезегінде Жезқазғанның да дамуына үлес қосатын еді.
Администратор 10.04.2012
Инфрақұрылымды ірі инвестициялық жобалар бюджеттің немесе мемлекеттің есебінен атқарылатыны белгілі. Бүгінде елімізде көлік саласында ірі жобалар атқарылып жатқаны көпшілікке белгілі. Соның ішінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік дәлізі. Сондықтан қаржыландыру мүмкіншіліктері ескере отырылып қаралып келеді. Оңтүстік және сарыарқа өңірлері үшін маңызды мәселе көтергеніңізге алғысымды білдіремін.