Ақтөбе облысы әкімінің қатысуымен «Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» өткізілетін интернет-конференциясы
Ақтөбе облысы әкімінің қатысуымен «Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» өткізілетін интернет-конференциясы
- Сұрақтар: 21
- Жауаптар: 21
- 26.05.2011
- 30.05.2011
- Ақтөбе облысы әкімінің қатысуымен «Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру барысы туралы» өткізілетін интернет-конференциясы
Қалмақан Төлеуұлы зейнеткер 28.05.2011, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Елеусін Наурызбайұлы
Қаламыздағы Қазанғап атындағы саз мектебі ата – бабаларымыздан аманат етілген мәдени мұраларымыз жөнінде жан – жақты білім беріп, құндылықтарын болашақ буын өкілдерінің санасына сіңіру мақсатында жұмыс атқарып келе жатқан білім ордасы.Соңғы уақыттары осы білім шаңырағының ескіргендігі, тарлық ететіндігі және жаңа заманға лайықты ғимарат қажеттігі жөнінде қоғамда пікірлер жиі айтылуда.Бұл сұрақтың шешілуі жолында жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде білсем деп едім?
Администратор 30.05.2011
Сауалыңызға рахмет Қалқаман Төлеуұлы.Бұл мәселенің шешімін табу бағытында 400 орынға арналған саз мектебінің жаңа ғимаратын тұрғызу үшін Шалқар қаласы М.Шыманұлы көшесінен жер телімі бөлінді. Жобалық – сметалық құжаттары да дайындалуда.Қаржы төңірегіндегі түйткілдердің де шешімі демеушілер арқылы табылды.Жаңа ғимарат биылғы жылы халық игілігіне қолданысқа беріледі деп күтілуде.