Жамбыл облысының әкімі Қ.А.Бозымбаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция

Жамбыл облысының әкімі Қ.А. Бозымбаевтың қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді

  • Сұрақтар: 14
  • Жауаптар: 14
  • 16.07.2012
  • 18.07.2012
  • Жамбыл облысының әкімдігі

Утенбаева Мадина Бекбулатовна 17.07.2012, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Сәлеметсіз бе! Мен Әйтеке би көшесі, 1 үйде тұрамын, 4 балам бар. Біздің аулаға балаларға арналған алаң соғу мәселесін қарастырсаңыз. Жаңалықтарда 2012 жылға дейін барлық аула жөндеуден өтеді деп едіңіз. Ең болмаса көлік өтпейтіндей етіп қоршап қою керек қой. Ал ағаштар басымызға құлайын деп тұр. Өтініп сұраймын. Осы мәселені шешіп берсеңіз. Сау болыңыз.

Администратор 19.07.2012

«Жасыл ел» қоғамдық бірлестіктің бастамасымен «2010-2014 жылдарда Тараз қаласындағы үйлердің аулаларын көркейту бағдарламасы» аясында, қаладағы көп қабатты үйлердің аулаларын көріктендіру жұмыстары жүргізіліп жатқандығы туралы хабарлаймыз. Аталған бағдарлама шеңберінде қаладағы көп қабатты үйлердің аулаларын көріктендіру (көлік жүретін жол бөліктерінің кірме жолдары және аяқ жолдарын асфальттау, ойын элементтерді орнату, қоқыс контейнерлі алаңын асфальттау, ағаштардың құраған бұтақтарын кесу және т.б.) жұмыстары жүргізілуде. Аталған бағдарлама аяқталғанша, Тараз қаласының барлық көп қабатты үйлерінің аулалары көріктендіріледі. Сіздің, Әйтеке би көшесі №1 үйді абаттандыру туралы сұранысыңыз ескеріледі. Сұрағыңызға рахмет.