Атырау облысының әкімі Б.С.Рысқалиевтің қатысуымен Қазақстан Реcпубликасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Атырау облысының әкімі Б.С.Рысқалиевтің қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді
- Сұрақтар: 54
- Жауаптар: 44
- 30.05.2012
- 02.06.2012
- Маңғыстау облысының әкімдігі
Умбеталиева Гульмира 30.05.2012, Сұрақ нөмірі:
Жыл сайын Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне шипажайларға жолдама беріліп отырады. Сол шипажайларға басқа қандай санаттағы адамдар жіберіледі?
Администратор 30.05.2012
Облыста халықты әлеуметтік қорғау мәселесін ұдайы назарда ұстап келеміз. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» қаулысымен бекітілген «Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделуді ұсыну» Ережесіне және облыс әкімиятының 2006 жылғы 20 маусымдағы №167 қаулысына сәйкес сауықтыру орындарына жолдама беру жергілікті уәкілетті орган арқылы, яғни Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұйымдастырады. Кесте қала, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерден түскен сұраныстар арқылы бекітіледі. Ереже талаптары негізінде, шипажайларға Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Ауған жауынгерлері және жалпы аурулығына байланысты мүгедектер мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ осы ретте айта кету керек, мүмкіндігі шектеулі жандарға, аз қамтылған адамдарға, халықтың әлсіз топтарына, барлық соғыс ардагерлеріне тиісті көмек тек бір реттік қана емес, жыл бойына көрсетіліп келеді. Бұл топтағы азаматтар заң шеңберінде коммуналдық төлемдерде үлкен жеңілдіктер қарастырылған, басқа да материалдық қолдаулар көрсетілуде. Облыста 40 мыңнан аса зейнеткерлер, соғыс және еңбек ардагерлері тұрады. Ұлы Отан соғысы ардагерлерін толықтай тұрғын үймен қамтылды. Сондай-ақ барлық майдангерлер жесірлерінің үйге қатысты барлық проблемасын шешіп келеміз. Тегін дәріхана ашылды. Қазір мұнда ардагерлерге тегін қызмет көрсетіледі.