Атырау облысының әкімі Б.С.Рысқалиевтің қатысуымен Қазақстан Реcпубликасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Атырау облысының әкімі Б.С.Рысқалиевтің қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді
- Сұрақтар: 54
- Жауаптар: 44
- 30.05.2012
- 02.06.2012
- Маңғыстау облысының әкімдігі
Сәлімгерей Мұсабаев 30.05.2012, Сұрақ нөмірі:
Азғыр полигоны аумағынның бүгінгі жағдайы, радиациялық ластаулардан қалпына келтіру, тұрғындардың әлеуметтік жағдайларын жақсартуда қандай жұмыстар жасалуда.
Администратор 30.05.2012
Полигонның бүгінгі жағдайы және оның қоршаған ортаға әсері облыс әкімдігінің үнемі назарында. Мұндағы тұрғылықты халық кеңес заманында сынақ полигоны болған өңірдің зардабын әлі көріп келеді. Жергілікті зерттеу жұмыстары жүргізілгенімен, алайда көптеген мәселелер шешімін таппауда. Қоршаған орта мен адам денсаулығы жағдайы кешенді экологиялық-медициналық тексерулер жүргізуді қажет етеді. ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен ҚР Парламент Сенаты депутаттарының және орталық атқарушы органдардың бірнеше басшылары полигонның ахуалымен танысып, тұрғындармен кездесті. Қазір облыста қалып отырған жалғыз Азғыр өңірі. Бұл мәселемен біраздан шұғылданып жүрмін. Салалас министрліктердің, орталық құрылымдардың басшыларына талай айттым. Бұл өңірдің күрмеуі қиын проблемалары орталықтың талай биік мінберлерінен де көтерілді, БАҚ-тар арқылы да дүйім жұртқа жария болды. Бірақ мәселе аяқсыз қалмайды. Азғырға су, газ, жарық пен жол тарту, басқа да әлеуметтік нысандар салу, халықтың тұрмысын жақсарту мақсатында кешенді шаралар қабылдап, арнайы бағдарлама жасақтап, Үкімет деңгейінде қорғап, оң шешілуін қамтамасыз ететін боламыз, қолдан келгенше жұмыстанамыз.