Атырау облысының әкімі Б.С.Рысқалиевтің қатысуымен Қазақстан Реcпубликасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Атырау облысының әкімі Б.С.Рысқалиевтің қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді
- Сұрақтар: 54
- Жауаптар: 44
- 30.05.2012
- 02.06.2012
- Маңғыстау облысының әкімдігі
Арман 31.05.2012, Сұрақ нөмірі:
Сәлеметсіз бе Бергей Сәулебайұлы!
2 жастағы балаға жүрекке операция жасату үшін квотаны Ақтобе қаласына алуға болама?
Рахмет!
Администратор 02.06.2012
Сіздің қойылған сұрағыңыз бойынша, жүрекке ота жасау үшін квота алуға, мекен жайыңыз бойынша қалалық емханаға жолығуыңыз қажет. Сіздің учаскелік педиатрыңыздың берген анықтамасы бойынша Ақтөбе қаласынан квотаны алу үшін, балаңызға қажетті тексерулерден өту керек (Жалпы қан анализі, жалпы сұйық дәрет анализі, ЭКГ, жүрек УДЗ-і, кардиохирургия кеңесі). Баланың аты-жөні порталға енгізіледі.