Батыс Қазақстан облысының әкімі Ізмұхамедов Бақтықожа Салахатдинұлының қатысуымен өткен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыптағы Интернет-конференция
28 қыркүйекте Қазақстан Республикасының "Электрондық үкімет" веб-порталында Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетовтің қатысуымен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыпта Интернет-конференция өтеді. Интернет пайдаланушылары өзін қызықтырған сұрақтары ағымдағы жылдың 28 қыркүйек күнгі сағат 9.00.- дан 29 қыркүйек күнгі сағат 10.00.-ға дейін қабылданады. Сұрақтарға берілген жауап 2011 жылғы 2 қазанда веб-порталда орналастырылатын болады.
- Сұрақтар: 27
- Жауаптар: 27
- 28.09.2011
- 29.09.2011
- Интернет-конференция на тему: «О ходе реализации в регионе приоритетных направлений Послания Главы государства народу Казахстана от 28 января 2011 года «Построим будущее вместе!» с участием акима Западно-Казахстанской области Измухамбетова Бактыкожи Салахатдиновича
Жаданов Мәжит Ғұмарұлы 28.09.2011, Сұрақ нөмірі:
Елбасының биылғы Жолдауында сапалы ауыз сумен қамтамасыз мәселелері – халықтың денсаулығын жақсартудың аса маңызды міндеті екені, сондықтанда жерасты суларының әлеуетін кеңінен пайдаланып, сумен қамтамасыз етудің жаңа нысандарын салу кезінде жүйелі қадамдар жасау қажет екені айтылған.
Ауданда республикалық «Таза су» бағдарламасы бойынша су тазарту қондырғылары салынып пайдалануға берілгенмен, қуаңшылық жылдары өзен көлдердегі су тартылып кетіп, су қондырғыларына су соратын мүмкіндіктер болмай қалу фактілері жиі орын алуда. Сонымен қатар қондырғыларға қажетті жөндеу жұмыстарын айтпағанда, тек сүзгісін ауыстырып, дәрумендер алуға жыл сайын көптеген қаржы аудандық бюджеттен жұмсалуда. Аудандағы су құбырынан тазартылған судың нұсқалары алынып, санитарлық-микробиологиялық зерттеу нәтижелері бойынша ауыз су есебінде пайдалануға сәйкес келмейтіні анықталды. Сондықтанда бұл су қондырғылары арқылы ауыз су жіберу өте тиімсіз және болашағы жоқ екені белгілі болып отыр.
Осы жағдайларды ескеріп «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша бөлінетін қаржыдан көршілес Бөкейорда ауданының іргелес жатқан Искра елдімекені маңынан Құлшық және Искра жер астындағы мол су қорынан су құбыры арқылы ауданымыздың барлық елді мекендеріне су тартуға техникалық-экономикалық негіздеме және жобалық-сметалық құжаттар жасатуға ықпал етуді сұраймыз.
Администратор 29.09.2011
Су тартуға техникалық-экономикалық негіздеме жасауға тапсырма беріліп, «Ақбұлақ» республикалық бағдарламасында көзделген қаржыдан көмектесу мүмкіндігі қарастырылатын болады.