Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.А.Ноғаевпен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.А.Ноғаевтың қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді
- Сұрақтар: 35
- Жауаптар: 35
- 14.08.2012
- 16.08.2012
- Батыс Қазақстан облысының әкімдігі
Шарипова Аякоз Есенбаевна 16.08.2012, Сұрақ нөмірі:
Сәлеметсіз бе! Орал қаласының атауы орыс тілінде Уральск деп жазылып жүр. Қаланың атауын орыс тілінде де "город Орал" деп неге алмасқа?
Администратор 17.08.2012
Сәлеметсіз бе! Қала атауының транслитерациясын сәйкестендіру жұмыстары халықтың пікірін ескере отырып облыстық өкілді және атқарушы органдары іске асырады. Алайда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы 12 қарашадағы №5759 Мораториясы жариялануына байланысты бұл жұмыстар уақытша тоқтатылып тұр.