Батыс Қазақстан облысының әкімі Ізмұхамедов Бақтықожа Салахатдинұлының қатысуымен өткен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыптағы Интернет-конференция

28 қыркүйекте Қазақстан Республикасының "Электрондық үкімет" веб-порталында Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетовтің қатысуымен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыпта Интернет-конференция өтеді. Интернет пайдаланушылары өзін қызықтырған сұрақтары ағымдағы жылдың 28 қыркүйек күнгі сағат 9.00.- дан 29 қыркүйек күнгі сағат 10.00.-ға дейін қабылданады. Сұрақтарға берілген жауап 2011 жылғы 2 қазанда веб-порталда орналастырылатын болады.

  • Сұрақтар: 27
  • Жауаптар: 27
  • 28.09.2011
  • 29.09.2011
  • Интернет-конференция на тему: «О ходе реализации в регионе приоритетных направлений Послания Главы государства народу Казахстана от 28 января 2011 года «Построим будущее вместе!» с участием акима Западно-Казахстанской области Измухамбетова Бактыкожи Салахатдиновича

Ержанов Нурлан 28.09.2011, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Сұрақ: Аудан жұртшылығы өткен жылы ауданымыздың орталығы Жымпиты ауылына көгілдір газ келгеніне өте қуанышты, Сізге алғыс айта отырып, алдағы уақытта ауданның басқа елді-мекендеріне газбен камту жумыстары аткарылады ма?

Администратор 29.09.2011

Ағымдағы жылы Сырым ауданының Алғабас ауылына АГТС орнатылып Теректі ауданының Шалқар, Сарыөмір ауылдарына және Бөрлі ауданының Киров ауылынан Қазақстан, Тасқұдық, Талдыбұлақ ауылдарына дейін газ құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстардың тапсырысшысы облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылығы департаменті. Күні бүгінге орта қысымды газ құбырын тарту жұмыстары аяқталып, тұрғын үйлерге төменгі қысымды газ құбырын тарту жұмыстары жалғастырылуда. Сонымен бірге аталған ауылдардағы әлеуметтік сала нысандарын газ отынымен қамту үшін жобалау-сметалық құжаттарын жасақтап, мемлекеттік сараптамадан өткізуге аудандық бюджеттен 6171,0 мың теңге қаржы бөлінді.