Батыс Қазақстан облысының әкімі Ізмұхамедов Бақтықожа Салахатдинұлының қатысуымен өткен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыптағы Интернет-конференция

28 қыркүйекте Қазақстан Республикасының "Электрондық үкімет" веб-порталында Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетовтің қатысуымен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыпта Интернет-конференция өтеді. Интернет пайдаланушылары өзін қызықтырған сұрақтары ағымдағы жылдың 28 қыркүйек күнгі сағат 9.00.- дан 29 қыркүйек күнгі сағат 10.00.-ға дейін қабылданады. Сұрақтарға берілген жауап 2011 жылғы 2 қазанда веб-порталда орналастырылатын болады.

  • Сұрақтар: 27
  • Жауаптар: 27
  • 28.09.2011
  • 29.09.2011
  • Интернет-конференция на тему: «О ходе реализации в регионе приоритетных направлений Послания Главы государства народу Казахстана от 28 января 2011 года «Построим будущее вместе!» с участием акима Западно-Казахстанской области Измухамбетова Бактыкожи Салахатдиновича

Асем Батрашева 28.09.2011, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Елбасы биылғы Қазақстан халқына Жолдауында мектепке дейін балаларды тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету 2020 жылға 100 пайыз құрайтын болады деп айтқан. Аудан орталығында орналасқан екі балабақшасы 190 баланы қамтиды. Дегенмен кезекте түрған балалар бар. Осы орайда жаңа балабақша ашылу мәселесі шешімін табады ма?

Администратор 29.09.2011

Мектепке дейінгі білім беру жүйесі тұрақты дамып келеді. Тасқала ауданында үш балабақша жұмыс істейді: Мерей ауылындағы «Айгөлек» балабақшасы, Тасқала ауылындағы «Ақбөпе» және «Балдырған». Балабақшалар өз ғимаратының жоба қуатына сай балаларды қабылдап отыр. 5 мектеп –балабақша және мектептер жанындағы 16 шағын орталықтарда 427 бала тәрбиемен қамтылған. Мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші 90,1% құрады, немесе былтырғы жылмен салыстырғанда 5,1% артты. Аудан орталығында кезекте тұрған балаларды балабақшамен қамту мәселесі «Сәулет» МГ ғимаратында «Бөбек» балабақша ашылған кезде шешімін таппақ.