Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі А.И.Мырзахметовтың қатысуымен Қазақстан Рсепубликасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі А.И.Мырзахметовтың қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді.

  • Сұрақтар: 23
  • Жауаптар: 23
  • 09.04.2012
  • 09.04.2012
  • Акимат Южно-Казахстанской области

Ғалымжан (оралман) 09.04.2012, Сұрақ нөмірі:

  • 0

«Нұрлы көш» бағдарламасы аясында Шымкент қаласы Асар мөлтек ауданында салынып жатқан 1200 орындық орта мектеп құрылысы қашан пайдалануға беріледі?

Администратор 10.04.2012

2011 жылы республикалық бюджет есебінен 648,8 млн. теңге бөлініп игерілген. 2012 жылы нысан құрылысын аяқтауға 495,6 млн. теңге қаржы қаралды. Нысанды үстіміздегі жылдың жаңа оқу жылына пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр.