Атырау облысының әкімі Б.С.Рысқалиевтің қатысуымен Қазақстан Реcпубликасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Атырау облысының әкімі Б.С.Рысқалиевтің қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді
- Сұрақтар: 54
- Жауаптар: 44
- 30.05.2012
- 02.06.2012
- Маңғыстау облысының әкімдігі
Амина 31.05.2012, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Бергей Сәулебайұлы!
Сәлеметсіз бе!
Мен кәсіпкермін, өзімнің өндірісім үшін жаңа құрал-жабдықтар алғым келеді? Үкіметтен қандай көмек алуыма болады?
Администратор 01.06.2012
Қазіргі уақытта өңірде «Бизнестің жол картасы -2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша несие алу үшін облыстағы екінші деңгейдегі банктерге тапсырыспен жүгінуіңіз керек. Бағдарлама бойынша несиелендіру туралы басты шешімді банк өз талаптарына сәйкес қабылдайды. Жобаны банк мақұлдаған жағдайда, несиеңізді кепілдендіру және субсижиялау үшін, банктің кепілхатын бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі -Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына тапсырасыз. Бюджет қаржысынан Сіздің банктен 14 пайызбен алатын несиеңіздің 7 пайызы субсидияланады. Егер Сіздің несиеңіз үшін кепілдік жетпесе, үкімет несие сомаңыздың 50 %-нан аспайтын мөлшерде кепіл бола алады.