Атырау облысы әкімі қатысуымен өткізілетін Интернет- конференция (26.10.2011)
2011 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасының "Электрондық үкімет" веб-порталында Атырау облысының әкімі Рысқалиев Бергей Сәулебайұлының қатысуымен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыпта Интернет-конференция өтеді.Пайдаланушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды ағымдағы жылдың қазанында жолдай алады. Сұрақтардың жауаптары 2011 жылғы 1 қарашада веб-порталға орналастырылатын болады.
- Сұрақтар: 23
- Жауаптар: 21
- 26.10.2011
- 26.10.2011
- Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақты бірге жасайық!» Жолдауының басымды бағыттарының өңірдегі жүзеге асырылуы туралы» Қостанай облысы әкімі Сергей Витальевич Кулагиннің қатысуымен өткізілетін Интернет-конференция
Оспанов Болат Ергазиевич 29.09.2011, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Сергей Витальевич!
Мен А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-ң ветеринария мамандығы бойынша студентімін. ҰБТ-дан жақсы балл жинадым (97), десек те, мамандық бойынша оқу гранты жок деп, 2 жыл бойы оқуды ақылы оқыдым, енді міне, биыл 3 курсқа аяқ басқалы тұрмын... Университет қабырғасында болсын, жалпы облыс көлемінде болсын қоғамдық өмірге белсенді ат салысып жүрген жайым бар. Бүгінгі күнге дейін 2 жыл оқу барысындағы алған бағаларымның да сапасы өте жақсы. Осы жағдайды елеп, грант, стипендия я болмаса басқа нұсұаларын қарасытырып, әйтеуір бір жеңілдік жасау мүмкіншілігі бар ма? Жағдайыма ат үсті қарамауыңызды өтінемін.
Администратор 30.09.2011
Сәлеметсізбе Болат! Біздің облысымызда болашақ жас мамандарға оқу барысында материалдық көмек көрсету қала және район әкімдерімен, комиссия шешімі бойынша бекітілген. Айта кетсем іріктеу барысында ең басты талаптардың бірі педагогикалық және медициналық мамандықтарының, сонымен қатар әлеуметтік қорғау ұйымының берген отбасылық жағдайы нашар(аз қамтылған) жайлы мәліметі бойынша және өте жақсы оқитын студенттерге беріледі. Өкінішке орай, сіз оқып жатқан ветеринария факультеті ол тізімге кірмеген.