Қазақстан Репсубликасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын аймақта жүзеге асыру барысы туралы Жамбыл облысы әкімінің К.А. Бозұмбаевтың қатысуымен өткен Интернет – конференция
Қазақстан Репсубликасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтің «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын аймақта жүзеге асыру барысы туралы Жамбыл облысы әкімінің К.А. Бозұмбаевтің қатысуымен өткен Интернет – конференция
- Сұрақтар: 9
- Жауаптар: 9
- 23.06.2011
- 24.06.2011
- Интернет-конференция акима Жамбылской области К.А. Бозумбаева о ходе реализации в регионе Послания Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева народу Казахстана “Построим будущее вместе!”
Аскарбек Толегенов 23.06.2011, Сұрақ нөмірі:
Бүгінде аудандар мен Тараз қаласында көше аттарын қалай болса солай өзгерту фактілері көбейіп кетті. Осыған орай адам аттарын көшелерге берудің белгіленген тәртібі мен талаптары туралы айтсаңыз?
Администратор 23.06.2011
2010 жылдың 12 қарашасында өңірлердегі белгілі бір объектілерге, елді мекендерге, көшелерге және білім мен мәдениет нысандарына атау беру жұмыстарына мораторий жарияланды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №315 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы №45 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасының күші жойылды. Осыған орай, облыс аумағында елді мекендерге, нысандар мен көшелерге атау беру немесе олардың атауларын өзгерту мәселелері уақытша тоқтатылды. Дегенмен, алдағы уақытта мораторий мерзімі аяқталғаннан кейін атау беру кезінде басымдық ұлттық ономастика бағыттарына негізделіп тарихи және топонимикалық атаулар берілуі тиіс.