Қазақстан Репсубликасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын аймақта жүзеге асыру барысы туралы Жамбыл облысы әкімінің К.А. Бозұмбаевтың қатысуымен өткен Интернет – конференция
Қазақстан Репсубликасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтің «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын аймақта жүзеге асыру барысы туралы Жамбыл облысы әкімінің К.А. Бозұмбаевтің қатысуымен өткен Интернет – конференция
- Сұрақтар: 9
- Жауаптар: 9
- 23.06.2011
- 24.06.2011
- Интернет-конференция акима Жамбылской области К.А. Бозумбаева о ходе реализации в регионе Послания Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева народу Казахстана “Построим будущее вместе!”
Баттал Жаңабайұлы 23.06.2011, Сұрақ нөмірі:
ҚҰРМЕТТІ ҚАНАТ АЛДАБЕРГЕНҰЛЫ !
2012 жылы, 12 қаңтарда, яғни жеті айдан соң Д.А. Қонаевтың туғанына 100 жыл толады. Тек қазақ, Қазақстан ғана емес, бүткіл мұсылман әлемінде ең жоғары лауазымға көтерілген, ең биік мәртебе-беделге ие болған сол тулғаны ұлықтау жөнінде үкімет қандай қаулы қабылдап, қандай шаралар өткізбек, Оған жерлесі ретінде біздің облысымыздың қандай қатысы болар екен.
Баттал Жаңабайұлы дербес зейнеткер,Қазақстанға еңбек сіңірген мәдиниет қызметкері, Жапмбыл облысының Құрметті азаматы
Администратор 24.06.2011
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың 100 жылдығын лайықты атап өтуге байланысты іс-шаралар жоспары бар. Атап айтқанда, Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында Д.А.Қонаевтың 100 жылдығына орай «Д.А.Қонаев – ғасыр саңлағы» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция, облыстық драма театрында «Өмірі өнегемен өрнектелген» атты өнер шеберлерінің концерті өткізілмек. Облыстың көрме залында, мұражайлар мен кітапханаларда «Тұғыры биік тұлға», «Д.Қонаев – ғасыр саңлағы» атты экспозициялар, көрмелер ұйымдастырылып, Д.А.Қонаевтың өмірі мен өнегесіне арналған деректі фильмдер көрсетіледі. Сонымен қатар, облыстық, қалалық және аудандық газеттерде арнайы айдарлармен мақалалар топтамаларын жариялау, «Қазақстан-Тараз» телеарнасында хабарлар ұйымдастыру көзделуде және басқа да іс-шаралар қолға алынады. Бұл мәселеде жергілікті зиялы қауымның ұсыныстары ескерілетін болады.