Қазақстан Репсубликасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын аймақта жүзеге асыру барысы туралы Жамбыл облысы әкімінің К.А. Бозұмбаевтың қатысуымен өткен Интернет – конференция
Қазақстан Репсубликасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтің «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын аймақта жүзеге асыру барысы туралы Жамбыл облысы әкімінің К.А. Бозұмбаевтің қатысуымен өткен Интернет – конференция
- Сұрақтар: 9
- Жауаптар: 9
- 23.06.2011
- 24.06.2011
- Интернет-конференция акима Жамбылской области К.А. Бозумбаева о ходе реализации в регионе Послания Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева народу Казахстана “Построим будущее вместе!”
Биназаров Еркебулан 23.06.2011, Сұрақ нөмірі:
Биыл еліміз тәуелсіздіктің 20 жылдығын атап өтуде. Осыған орай мерейтойлық жыл ішінде қандай жаңа өндіріс орындары, әлеуметтік нысандар ашылмақ?
Администратор 23.06.2011
Осы жылы Шу қаласында «Шу локомотив жөндеу зауыты» кәсіпорнында ауыл шаруашылығы техникасының құрастырудың жаңа жобасы іске қосылды. Зауыт Ресейдің «Концерн тракторный завод» компаниясымен бірге жылына 150 «Енисей-Қамқор-1200» маркалы комбайндарын құрастырады. Сондай-ақ, мамыр айында облыс орталығында күніне 250 науқасқа медициналық көмек көрсететін қардиологиялық диспансері, «Бәйтерек» мөлтек ауданында «Атакент-Тараз» әмбебап базар кешені ашылды. Жыл аяғына дейін Жамбыл және Шу аудандарында емхана мен аурухана пайдалануға беріледі. Жыл ішінде Тараз қаласында Түрік мемлекетінің инвесторларымен ірі сауда және ет өнімін өндіретін кешендер салу көзделуде. Салынатын сауда кешеніне 160 млн. АҚШ доллары жұмсалады. Еуростандарттарға сай бірнеше кинотеатр, балалар ойын алаңдары, тұрмыстық қызмет көрсету орталықтары, банк бөлімдері, автопаркинг салынады. Инвесторлар халықаралық талаптарға сай төрт жұлдызды қонақ үй салуды да көздеп отыр. Тараз қаласында жобалық-сметалық құны 4,9 млрд. теңгені құрайтын Спорт сарайының іргетасы қалануда. Спорт сарайында 13 зал, 1 жүзу бассейні, бір мезгілде 18 спорт түрлері бойынша өқу-жаттығу сабақтарын жүргізетін орындар, 2 кафе болады. Облыста жаңғыртылған электр көздерін дамыту арқылы арзан әрі экологиялық таза қуат өндіруге ерекше көңіл бөлінуде. Мәселен, құны 1 млрд. АҚШ долларын құрайтын 400 және 200 мегеваттық Жаңатас және Шоқпар жел электр стансаларының құрылысы жобаларын іске асыру басталды. Сонымен қатар, 3 инвестициялық жобалар – «Алтыналмас» АҚ-ның құрамында алтыны бар кенді қайта өңдеу «Ақбақай кластері», «Тараз құбыр зауыты» ЖШС-нің тамшылап суару жүйесіне арналған полиэтилендік құбырларды жасап шығару зауытының құрылысы, «Энерджи Тараз» ЖШС-нің кең көлемде пайдалуға арналған светодиодты шамдар зауытының құрылысы ашылуы жоспарлануда.