Қазақстан Репсубликасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын аймақта жүзеге асыру барысы туралы Жамбыл облысы әкімінің К.А. Бозұмбаевтың қатысуымен өткен Интернет – конференция
Қазақстан Репсубликасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтің «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын аймақта жүзеге асыру барысы туралы Жамбыл облысы әкімінің К.А. Бозұмбаевтің қатысуымен өткен Интернет – конференция
- Сұрақтар: 9
- Жауаптар: 9
- 23.06.2011
- 24.06.2011
- Интернет-конференция акима Жамбылской области К.А. Бозумбаева о ходе реализации в регионе Послания Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева народу Казахстана “Построим будущее вместе!”
Нурмаханова Асель 23.06.2011, Сұрақ нөмірі:
Облыста канша инвестициялық жоба іске асырылады?
Администратор 23.06.2011
Еліміздің Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы щеңберінде облыста 2011 жылы 8 инвестициялық жоба іске асырылады. Жалпы сомасы 21,5 млрд. теңгені құрайды. Қосымша 1139 жаңа жұмыс орындары ашылады. 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында 3 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарлануда. Олар: «Алтыналмас» АҚ-ның құрамында алтыны бар кенді қайта өңдеу «Ақбақай кластері», «Тараз құбыр зауыты» ЖШС-нің тамшылап суару жүйесіне арналған полиэтилендік құбырларды жасап шығару зауытының құрылысы және «Энерджи Тараз» ЖШС-нің кең көлемде пайдалуға арналған светодиодты шамдар зауытының құрылысы жобалары. Осы жылдың екінші жартыжылдығында 5 инвестициялық жоба іске асырылады деп күтілуде. Олар: «Луговой жылқы зауыты» ЖШС 30 мың басқа арналған шошқа өсіру кешенін салу жобасы, «ACIG» АҚ-ы Мойынқұм ауданындағы Хантау бекетінде жылдық қуаты 500 мың тонна өндіретін цемент зауытының құрылысы жобасы, «SUPER PHARM» ЖШС медицина саласына арналған киімдер және бір келкі ішкиімдер жобасы, «Бурный ірімшік зауыты» ЖШС-і жылына 1,7 млн. литр ультарпастерленген сүт өнімін қайта өңдеу жобасы, және «Бином Строй-Деталь» ЖШС жылына 10 мың текше метр темірбетон бұйымдарын өндіретін зауытты жобалары.