Қарағанды облысының әкімі Ахметов Серік Нығметұлының қатысумен өтетін интернет-конференция 29.11.2011
Қарағанды облыс әкімінің қатысуымен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыпта Интернет-конференция өтеді.
- Сұрақтар: 39
- Жауаптар: 37
- 29.11.2011
- 29.11.2011
- Шығыс-Қазақстан облысының әкімі Сапарбаев Бердібек Машбекұлының қатысуымен өтетін Интернет-конференция
Оралбай Ердан Қуанышбекұлы 01.11.2011, Сұрақ нөмірі:
Шығыс Қазақстан облыстық «Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі мекемесі» ММ тарапынан биылғы 2011 жылы ұйымдастырылған «Тарбағатай ауданындағы археологиялық ескерткіштерді зерттеу» жобасының аясында далалық экспедиция жетекшісі болдым. Бұл экспедиция қорытындылары Тарбағатай өңірінің мәдени мұралары туралы баға жетпес құнды ақпараттар берді.
Археологиялық барлау-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде зерттелген аймақтан қола, сақ және көне түріктер дәуіріне жататын 85 ескерткіш табылды. Бұл мұралар негізінен көне қорғандар мен қоршаулар және жартастағы суреттер болды. Ескерткіштердің барлығы бұрын ешқандай тіркеуде болмаған, алғаш рет ашылып отырған құндылықтар. Бірақ көпшілік жағдайда мұраларымыз әртүрлі факторлар әсерінен бүлініп, тоналып жатыр. Сондықтан облыс бойынша ескерткіштердің санын және жай-күйін анықтап отыратын «Ескерткіштер жиынтығын» жасауды тез арада бастау керек.
Осы табылған мұралар ішінде ең көрнекті бірегей ескерткіштер сақ дәуірінің патшалық, ақсүйектік қорғандары айрықша көзге түседі. Сақ дәуірінің ақпарат беру қабілеті өте жоғары «Қырық оба» қорымы екенін ерекше айтамын.
Тарихи-мәдени ескерткіштерді, әсіресе, өлкедегі ең бай археологиялық обьектілерді зерттеп, қазба жүргізіп, осылардың негізінде келешекте аспан астындағы мұражай жүйелерін жасап, туристік инфраструктураларға енгізу, сонымен қатар ата-бабаларымыздың асыл мұраларын елге насихаттау мақсатымен 2012-2014 жылдарға жоғарыда аталған «Қырық оба» қорымына кешенді археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуге облыс бюджетінен қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын.
Осы «Қырық оба» қорымын кешенді түрде зерттеуге «Тарбағатай ауданындағы сақ патшаларының қорғандарына археологиялық қазба жүргізу» атты жоба ұсынып отырмын. Ұсынып отырған жобаға әрбір жылға төрт миллион теңге қаражат қажет.
Атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде:
1. Табылған барлық жәдігерлер облыстық музейлерді толықтырады;
2. Қазба бойынша жасалған ғылыми есеп облыстық «Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі мекемесінде» сақталады;
3. Осы баға жетпес құндылықтарымыздың болашағына бағыт-бағдар беріледі;
4. Табылған құндылықтар ғылыми еңбектер мен оқулықтарға енеді;
5. Бөлінген қаражатқа жергілікті ауыл тұрғындары жұмысқа тартылатын болады;
Администратор 04.11.2011
Құрметті Оралбай Ердан Қуанышбекұлы, «Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық мекемесінің» ММ 2012 жылға арналған іс-шаралар жоспары құрастырылып қойылды. Қазіргі уақытта келісу рәсімі кезеңдерінен өтуде. Осыған орай, хатта көрсетілген ұсынысты қарастыру 2013 жылдың еншісіне қалып отырғанын мәлімдеймін.