Ақмола облысының әкімі Қ.Қ.Айтмұхаметовтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Ақмола облысының әкімі Қ.Қ.Айтмұхаметовтың қатысуымен Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында өтетін Интернет-конференция
- Сұрақтар: 134
- Жауаптар: 134
- 12.03.2013
- 14.03.2013
- Ақмола облысының әкімдігі_1203
Рамазанов Әсет Есенкелдіұлы 12.03.2013, Сұрақ нөмірі:
Ассаламуалейкум! Айтыңызшы, Көкшетау қаласында көше атаулары, дүкен-дәмханалардың атаулары, маңдаышаларда мемлекеттік тілде жазылған атаулардың көбі қате-қате жазылған. Соларды дұрыстайтын, қате жазылғанын ескертетін мекеме неге қажетті деңгейінде жұмыс жасамайды? Сол мәселені өз бақылауыңызға алсаңыз деген үлкен өтініш бар. Егер құзырет берсеңіз, онда бұл жұмысты мен өз мойныма алар едім. Рахмет!
Администратор 14.03.2013
Сіздің осындай ортақ іске жанашырлық танытып, хат жолдағаныңызға алғыс білдіремін. Сіз көтеріп отырған мәселені қала аумағында Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жүзеге асырады. Көрсетілген кемшіліктерді жою бойынша Көкшетау қаласының әкіміне тапсырма беріліп, бақылауға алынатын болады. Қолыңыздағы нақты деректерді (көше, дүкен, дәмхана атаулары, маңдайшалар және т.б.) Көкшетау қаласының әкімдігіне беруіңізді сұраймын.