Ақмола облысының әкімі Қ.Қ.Айтмұхаметовтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Ақмола облысының әкімі Қ.Қ.Айтмұхаметовтың қатысуымен Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында өтетін Интернет-конференция
- Сұрақтар: 134
- Жауаптар: 134
- 12.03.2013
- 14.03.2013
- Ақмола облысының әкімдігі_1203
Мақпал 12.03.2013, Сұрақ нөмірі:
Құрметті әкім! Қазақ тілін тегін үйрену үшін біздің облысымызда кандай жағдайлар жасалған?
Администратор 13.03.2013
Облыстық оқыту-әдістемелік орталығы жанынан білім деңгейі бойынша тегін курстар ұйымдастырылып, қазір 5 топта 40 тыңдаушы оқытылуда; (Сәтбаев к-сі 1 «Б») Сонымен қатар, осындай тегін курстар Көкшетау қаласының мемлекеттік тілді оқыту орталығында да ұйымдастырылған. Сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында облысымызда этномәдени бірлестіктердің өкілдеріне қазақ тілін үйрету үшін «Инновациялық технологиялар мен интерактивті оқыту әдістері бойынша мемлекеттік тілді жеделдете оқыту» жобасы іске асырылуда. Осы жоба негізінде этнос өкілдері қазақ тілін меңгеруге мүмкіндік алады.