Батыс Қазақстан облысының әкімі Ізмұхамедов Бақтықожа Салахатдинұлының қатысуымен өткен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыптағы Интернет-конференция

28 қыркүйекте Қазақстан Республикасының "Электрондық үкімет" веб-порталында Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетовтің қатысуымен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыпта Интернет-конференция өтеді. Интернет пайдаланушылары өзін қызықтырған сұрақтары ағымдағы жылдың 28 қыркүйек күнгі сағат 9.00.- дан 29 қыркүйек күнгі сағат 10.00.-ға дейін қабылданады. Сұрақтарға берілген жауап 2011 жылғы 2 қазанда веб-порталда орналастырылатын болады.

  • Сұрақтар: 27
  • Жауаптар: 27
  • 28.09.2011
  • 29.09.2011
  • Интернет-конференция на тему: «О ходе реализации в регионе приоритетных направлений Послания Главы государства народу Казахстана от 28 января 2011 года «Построим будущее вместе!» с участием акима Западно-Казахстанской области Измухамбетова Бактыкожи Салахатдиновича

Дауытов Ізбасар Ерболатұлы – аудандық маслихаттың депутаты, «Ақжайық өрендері» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы. 28.09.2011, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Қазіргі таңда «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалына бала бақшамен қамтуға байланысты сұрақтар көптеп түсуде. Елбасы Жолдауына сай қабылданған «Балапан» бағдарламасының орындалу барысы туралы білгіміз келеді.

Администратор 29.09.2011

«Балапан» бағдарламасына сәйкес 4 балабақша, 8 шағын орталық пайдалануға беріліп, бүгінде ауданда 9 балабақша, 3 мектеп-балабақшасы, 35 шағын орталық 1557 бүлдіршінге тәлім-тәрбие беруде немесе мектеп жасына дейінгі балалардың 78,24 пайызы қамтылып отыр. Сонымен қатар 5 бала бақша ашуға жобалау – сметалық құжаттары жасақталды. Алдағы уақытта қаржыға байланысты жұмыс жалғастырылатын болады.