Ақмола облысының әкімі Қ.Қ.Айтмұхаметовтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Ақмола облысының әкімі Қ.Қ.Айтмұхаметовтың қатысуымен Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында өтетін Интернет-конференция
- Сұрақтар: 134
- Жауаптар: 134
- 12.03.2013
- 14.03.2013
- Ақмола облысының әкімдігі_1203
Султанбеков Ерлан 12.03.2013, Сұрақ нөмірі:
Құрметті әкім! «Қазтест» жүйесі қолға алынуда, осы жүйені облысымызда жүзеге асыру жөнінде өз аузыңыздан естуге бола ма? Ерлан
Администратор 13.03.2013
ҚАЗТЕСТ» жүйесі – бұл Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасы аумағында түрлі қызметін жүзеге асырып жүрген шетел азаматтарының қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың отандық жүйесі. Тіл бағдарламасын іске асыру мерзімінің екінші кезеңінде, яғни 2014 жылдан бастап ҚАЗТЕСТ жүйесімен бағалау жұмыстары жүргізілетін болады. Жақын арада облыстың барлық аудан, қала әкімдері «ҚАЗТЕСТ» жүйесімен республикалық ұлттық тестілеу орталығында мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау бойынша сынақ тапсырып, әкімдер өздерінің тілдік деңгейлерін біліп қайтты. Бұл шара жақын арада жалғасын таппақ, яғни, барша мемлекет қызметкерлері мемлекеттік тілді қаншалықты деңгейде білуін сарапқа салып, «ҚАЗТЕСТ» жүйесінде тестілеуден өтеді.