ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ "ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ - ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ" АТТЫ ЖОЛДАУЫН ТҮСІНДІРУ ЖӘНЕ НАСИХАТТАУ БОЙЫНША АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІГІМЕН ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Алматы облыстық әкімдігі "ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ - ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ" атты ҚР Президентінің Жолдауын түсіндіру және насихаттау бойынша Интернет-конференция өткізеді. Барлық сұрақтарға жауаптар ағымдағы жылғы 26 наурызда "электрондық үкімет" порталында жарияланатын болады.

  • Сұрақтар: 26
  • Жауаптар: 26
  • 16.03.2010
  • 26.03.2010
  • Акимат Алматинской области

С. МҰРАТБЕК. 30.03.2010, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде Алматы облысы бойынша биыл қанша жоба іске қосылады?

Администратор 31.03.2010

Бағдарламаның негізгі басымдылығы ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы және шағын және орта бизнестің жаңа мүмкіндіктерін жасауы болып табылады. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде Алматы облысы бойынша 2010 жылы 8 жоба іске қосуға жоспарланып отыр. Оның ішінде 7 жобаны бірінші жартыжылдықта және бір жобаны жыл аяғына дейін қолданысқа беру көзделіп отыр.