Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауының басымды бағыттарын өңірдегі жүзеге асыруы туралы» Атырау облысындағы өткізілетін Интернет-конференция
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтің 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауының басымды бағыттарын өңірдегі жүзеге асыруы туралы» Атырау облысындағы өткізілетін Интернет-конференция
- Сұрақтар: 19
- Жауаптар: 17
- 17.05.2011
- 19.05.2011
- Атырау облысының әкімдігі
Кайраханов Шынтас 18.05.2011, Сұрақ нөмірі:
Бергей аға! Былтыр жеке үй құрылысы үшін жер учаскесін алған адам 2 жыл ішінде мақсатына сай пайдаланылмаған жағдайда жер учаскесін меншік иесінен мәжбүрлеп алып қою рас па?
Администратор 18.05.2011
Ауыл шаруашылығымен айналысу немесе тұрғын үй және өзге де құрылыстарды салу үшін бөлінген жер учаскесі екі жыл ішінде тиісті мақсатында пайдаланылмаған жағдайда ол заңнамаға сәйкес көзделген тәртіппен меншік иесінен және жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қойылады. Аталған мәселе 2009 жылдан бері талқыланып, 6076 жер учаскесі пайдаланбай отырғандығы анықталып, құзырлы мекемелерге және қала және аудандар әкімдеріне оларды игеру жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Нәтижесінде 4237 жер учаскесі игеріліп, 75 жер учаскесі кері қайтарылыпды. Бұл тұрғын үй салу үшін жер сұраушылардың арыздарын қосымша қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы жұмыс менің жеке бақылауымда болып, одан әрі жалғасатын болады. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 сәуірдегі кеңейтілген отырысында берілген Қазақстан Республикасы Президентінің ауыл шаруашылығы жерлерін түгендеу жөніндегі тапсырмаларын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары жасалып, аудандар мен Атырау қаласында жұмыс топтары құрылып, жұмыс басталды. Бұл бағыттағы негізгі мақсат көп жылдар бойы бөлінген жерлерді өз мақсатында пайдаланбағандардан кері қайтарып алып, болашақта ауыл шаруашылығы саласында жұмыс жасайтын кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарына беру және жерді саудаға салып алып- сатарлықпен айналысатындарға тосқауыл қою.