Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауының басымды бағыттарын өңірдегі жүзеге асыруы туралы» Атырау облысындағы өткізілетін Интернет-конференция
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтің 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауының басымды бағыттарын өңірдегі жүзеге асыруы туралы» Атырау облысындағы өткізілетін Интернет-конференция
- Сұрақтар: 19
- Жауаптар: 17
- 17.05.2011
- 19.05.2011
- Атырау облысының әкімдігі
Сарсенов Аблай 18.05.2011, Сұрақ нөмірі:
Мен Қарабатандағы және Қашаған жобасында жұмыс жасап жатырған шетелдік компаниялар Индия, Иордания, Ливан және т.б. елдерден қарапайым жұмысшы мамандарын (бригадир по трубомонтажу, электрик, крановщиктер, администратор, отдел кадр, механик) алып келіп жұмыс жасауда. Оларға неге жұмыс жасауға рұқсат беріледі, осы мамандар Атыраудан да табылмай ма, неге бақылау жүргізілмейді?
Администратор 18.05.2011
Шетел азаматтары Атырау облысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің шетелдік жұмыс күшін тартуға бекітілген квотасы бойынша жұмысқа тартылады. Жұмысқа тартылатын мамандардың лауазымы бойынша еңбек өтілі мен кәсіптік біліктілігі туралы құжаттар облыстық шетелдік жұмыс күшін тарту комиссиясының қарауына жолданып, нақты шешімді комиссия қабылдайды. Шетел күшін тартуға рұқсат алған жұмыс берушіге қазақстандық мамандар үшін қосымша жұмыс орындарын құру, кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру және шетелдік мамандарды қазақстандық мамандармен алмастыру жөнінде ерекше шарттары қойылып, шарттың орындалуына қатаң бақылау жүргізіледі. Және де үстіміздегі жылдың 2 ақпанындағы ҚР Үкіметінің 77 қаулысына сәйкес, ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусым ындағы №836 қаулысымен бекітілген«Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібі туралы» Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Аталған өзгерістерге сәйкес, 2012 жылдың 1 қаңтарына шетел жұмыс күшін тартушы мекемелерде шетел жұмысшылары 1 санат бойынша жалпы жұмысшылар санының 30 пайыздан, ал 2-3 санат бойынша 10 пайыздан аспау қажет.