Павлодар облысының әкімі Е.М.Арынұлының қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Павлодар облысының әкімі Е.М.Арынұлының қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді
- Сұрақтар: 41
- Жауаптар: 41
- 09.10.2012
- 11.10.2012
- Павлодар облысының әкімдігі
Адамова З. 11.10.2012, Сұрақ нөмірі:
Сәлеметсіз бе! Мен Павлодар қаласының тұрғынымын. «Балапан» бағдарламасы туралы көп естідім. Менің екі жастағы және алты айлық екі балам бар. Біз бір жылдан соң баламызды балабақшаға орналастыра аламыз ба? Жалпы қазіргі күнде балабақшалардағы орындардың жағдайы қандай?
Администратор 11.10.2012
Өте орынды сұрақ қойдыңыз, рахмет! Бүгінгі күні облысымызда 404 мектепке дейінгі білім беру мекемесі жұмыс істеуде, оның 141 балабақша, 263-і шағын орталықтар бар. «Балапан» бағдарламасы 3 жастан 6 жастағы балаларды балабақшамен қамтамасыз етуді көздеген. Бұл категориядағы балаларды мектепке дейінгі оқу мен тәриемен қамту 95,7% құрайды. «Балапан» бағдарламасын іске асыру кезеңінде Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында 240 орындық 3 балабақша салынып пайдалануға берілді. 2010-2011 жылдары 25 балабақшаның ғимараты қалпына келтірілді, 212 шағын орталықтар ашылды.Облыста жеке меншік 7 балабақша жұмыс істейді. «Балапан» бағдарламасына сәйкес мектепке дейінгі білім беру бойынша 253 мемлекеттік тапсырыс Павлодар қаласының 4 жеке меншікті балабақшаларда орналастырылған ( «Лицей Лингва» ЖШС - 46 орын,; «Озирис» ЖМ – 71 орын, «Самал» сауықтыру орталығында – 50 орын, «Smart Kid» бөбекханасында – 86 орын.2012 жылдың соңына дейін мектепке дейінгі білім беру желісін кеңейту жұмыстары жалғасатын болады. 1035 орындық 10 бұрынғы балабақшалардың ғимаратын қалпына келтірудеміз, жұмыс істеп тұрған балабақшалар 60 орынға кеңейтілетін болады, 65 орындық екі шағын орталық ашылады, жұмыс істеп тұрған шағын орталықтар 162 орынға кеңейтілетін болады.2013 жылдың 1 тоқсанында «Нефтехим LTD» кәсіпорны Павлодар қаласына 320 орынды балабақшаны қайтарымсыз өткізеді. Алдағы уақытта бүлдіршіндер мектепалды даярлықпен 100% қамтамасыз етілетін болады. Балардың игілігі үшін біз атқарып жатқан мәселелер Сіздің проблемаңызды шешуге септігін тигізеді деген ойдамын.