Павлодар облысының әкімі Е.М.Арынұлының қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Павлодар облысының әкімі Е.М.Арынұлының қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді
- Сұрақтар: 41
- Жауаптар: 41
- 09.10.2012
- 11.10.2012
- Павлодар облысының әкімдігі
Әлібек Қоршаған 11.10.2012, Сұрақ нөмірі:
Біз Ресеймен көршіміз. Осыған орай біздің аймақта Ресей елімен сауда-экономикалық ынтымақтастық қалайша дамытуды көздеп отырсыз? Шекаралас өңірлерді дамытудың келешегі қандай?
Администратор 11.10.2012
Біздің облыс үшін Ресей елімен ынтымақтастық сыртқы экономикалық саясат кезінде басты бағыт болып табылады. Павлодар облысының 70%-ға дейінгі сыртқы сауда айналымы Ресей өңірлерімен тығыз қатынаста. 2011 жыл ішінде Ресей елімен сауда көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 29,1%-ға ұлғайды және 3,6 млрд. АҚШ долларын құрады (соның ішінде экспорт – 1,4 млрд. АҚШ доллары, импорт- 2,2 млрд. АҚШ доллары). Ресейлік нарық өңірдің көмір өндіру,химиялық және металлургия салалары өнімдерінің негізгі тұтынушысы болып табылады. Облыста барлығы 76 бірлескен кәсіпорын тіркелген, олардың негізгі үлесі көтерме және бөлшек сауда, сондай-ақ құрылыс және қызметтер көрсету саласына жатады. Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде өңіраралық ынтымақтастық жүйелі түрде нығаюда. Бүгінде біздің кәсіпорындардың белсенді қатынасы үшін көптеген кедергілер жойылды, бұдан бұрын бұзылған технологиялық және өндірістік тізбектер қалпына келтірілуде.