Қазақстан Репсубликасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын аймақта жүзеге асыру барысы туралы Жамбыл облысы әкімінің К.А. Бозұмбаевтың қатысуымен өткен Интернет – конференция
Қазақстан Репсубликасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтің «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын аймақта жүзеге асыру барысы туралы Жамбыл облысы әкімінің К.А. Бозұмбаевтің қатысуымен өткен Интернет – конференция
- Сұрақтар: 9
- Жауаптар: 9
- 23.06.2011
- 24.06.2011
- Интернет-конференция акима Жамбылской области К.А. Бозумбаева о ходе реализации в регионе Послания Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева народу Казахстана “Построим будущее вместе!”
Нуршина Гульназира 23.06.2011, Сұрақ нөмірі:
Мемлекеттік тілді оқып-үйренуге деген тұрғындардың сұранысын қанағаттандыру бағытында қандай шаралар қолданылуда?
Администратор 23.06.2011
Соңғы жылдары мемлекет тарапынан мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, тілді үйренушілерге айрықша қамқорлық жасалып келеді. Мемлекеттік қызметкерлерге, бюджет саласы қызметкерлеріне, аймақтағы басқа да ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді оқытып-үйрететін «Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» құрылды. Бүгінгі таңда «Мемлекеттік тілді оқыту орталығының» Қордай, Шу, Меркі аудандары мен Қаратау, Жаңатас қалаларында бөлімшелері ашылды. Соңғы 3 жылда осы жүйе арқылы 2712 адам мемлекеттік тілді меңгерген болса, оның 1454-і – мемлекеттік қызметкерлер. Сондай-ақ, Тараз қаласы тұрғындарына мемлекеттік тілді жеделдетіп үйрету мақсатында ашылған қысқа мерзімді екі айлық «Тілашар» курсында 204 адам мемлекеттік тілді бастапқы деңгейде үйреніп шықты.