Атырау облысы әкімі қатысуымен өткізілетін Интернет- конференция (26.10.2011)

2011 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасының "Электрондық үкімет" веб-порталында Атырау облысының әкімі Рысқалиев Бергей Сәулебайұлының қатысуымен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыпта Интернет-конференция өтеді.Пайдаланушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды ағымдағы жылдың қазанында жолдай алады. Сұрақтардың жауаптары 2011 жылғы 1 қарашада веб-порталға орналастырылатын болады.

  • Сұрақтар: 95
  • Жауаптар: 58
  • 26.10.2011
  • 26.10.2011
  • Аким Атырауской области

Машралиева Мариям Ибнқызы 26.10.2011, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Қадірлі Бергей Сәулебайұлы! Қай заманда да, қай қоғамда да ұстаздың орны ерекше. Халқымыз қашанда ұстазын төрге шығарып, биік мәртебе тұтқан.Президенттің тікелей қолдауымен білім саласына үлкен жағдайлар жасалып жатыр. Осы жұмысқа келгеннен бастап бейнеті көп болса да зейнеті аз осындай мамандық иелерін қамқорлауды парыз санап, әлеуметтік мәртебесін көтеруде, еңбегі мен тұрмыс жағдайын жақсартуда осыған дейін еш жерде, ешкім атқармаған теңдесі жоқ жұмыс атқардыңыз. Білім саласын дамыту, мұғалімге деген іс жүзіндегі шынайы қамқорлықты Сіздің тікелей араласуыңызбен, өзіңіз қолға алған үлкен жұмыстардан көріп, сезініп, жақсылыққа қол жеткізіп жатырмыз. Соңғы төрт-ақ жылда салынған 4 мың пәтердің үш мыңдайы көп жылдан баспанасыз жүрген педагог қызметкерлерге, дәрігерлерге, жаңадан келген жас мамандарға берілді. Көріп отырғандай, бүкіл салынған үйлердің жартысынан астамы мұғалімдер мен дәрігерлер еншісінде. Тек қала емес, аудандарда емес, ауылдарда да осында жұмыстар атқарылған. Шын мәнінде, облыстың бүкіл ұстаздар қауымы Сіздің арқаңызда тұрмыстық жағдайларын жақсартып, отбасылары қуанышқа, бақытқа бөленді. Сол арқылы бүкіл проблемалары шешілді. «Елдің бағы-басшысы» деген екен. Елбасының тапсырмасын асыра орындап, халықтың көңілінен шығып жұмыс атқарып жатырған Сіздей басшысы бар біз бақыттымыз. Қазір білім саласындағы кадр тапшылығы түбегейлі жойылды. Сондай-ақ өткен жылдары қаржы дағдарысы халықты қинап, абыржытқан уақытта аз қамтылған отбасылардан шыққан 2500 студенттің оқу ақысын бастап төлеп, бастаған істі аяқсыз қалдырмай, әлі жалғастырып келесіз. Біз білеміз, қаржыны тауып, тек білім емес, сан саладағы жұмысқа бөліп, жеткізіп, ұйымдастыру оңай шаруа емес. Осындай халықтың арқасына түскен қиындықта азаматтық, үлкен парасаттылық танытып, еңсеріп келесіз.Біз бұны бағалаймыз. Көптеген дарынды шәкірттеріміз Сіздің жеке бастамаңызбен шетелде білім алып жатыр. Бұл да үлкен мүмкіндік, кез келгеннің қолынан келмейтін жақсылық. Себебі олар талантты, дарыны өзгелерден озық болғанмен, жағдайлары жоқ. Көбі аз қамтылған отбасылардан, немесе жетім балалалар. Ертең- ақ олар елге оралып, осы жерге қызмет етіп, үлестерін қосатын болады. Бұл да Сіздің жас та болсаңызда алысты болжаған көрегендіңіз, адал перзент ретінде осы жердің қамын ойлағаныңыз деп білеміз. Осы сәтті пайдаланып, Мемлекет Басшысының тапсырмасын абыройлы атқарып, ел өмірінен шынайы көрініс таптыра қызмет атқарып жатырған Сізге облыстағы мұғалімдер атынан үлкен рахметімізді айтамыз. Әлі де талай үлкен істердің басынан көріне беріңіз! Еңбегіңіз жансын!

Администратор 26.10.2011

Рахмет!