Атырау облысы әкімі қатысуымен өткізілетін Интернет- конференция (26.10.2011)
2011 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасының "Электрондық үкімет" веб-порталында Атырау облысының әкімі Рысқалиев Бергей Сәулебайұлының қатысуымен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыпта Интернет-конференция өтеді.Пайдаланушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды ағымдағы жылдың қазанында жолдай алады. Сұрақтардың жауаптары 2011 жылғы 1 қарашада веб-порталға орналастырылатын болады.
- Сұрақтар: 95
- Жауаптар: 58
- 26.10.2011
- 26.10.2011
- Аким Атырауской области
Самат 26.10.2011, Сұрақ нөмірі:
Құрметті Бергей Сәулебайұлы, мен Сіздің Жайық өзені проблемасы бойынша алаңдауыңызды қолдаймын. Сізге қояр сұрағым: қазіргі уақытта Жайық және Қиғаш өзендерінің салаларын тереңдету бойынша қандай жұмыстар жүргізілуде?
Администратор 26.10.2011
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2006 жылғы 11-12 мамыр аралығында Атырау облысында болған іссапарында берген тапсырмасына сәйкес, Жайық-Каспий бассейнінің түбін тереңдету жұмыстарына республикалық бюджеттен жыл сайын бөлінетін қаражат көлемі 220 млн. теңгеден 300 млн. теңгеге дейін көтерілді. 2004 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Жайық өзенінің «Яицкий», «Үшінші оң жақ тармағы», «Екінші сол жақ Ерік», «Екінші оң жақ Ерік», «Зарослый», «Сасық өзек» «Бесінші сол жақ Ерік» және «Приморский» каналы, Қиғаш өзенінің «Бакланный» және «Мокринский» каналдары тазартылды. Былтырғы жылы Жайық өзенінің үш каналында түбін тереңдету жұмыстарына 269,8 млн. теңге бөлінді. 2010-2011 жылдары бұл жұмыстарды жалғастыру үшін Қиғаш өзенінің Татар-Телячин, Конев, Бабин-Көк Морцо, Қарағаш-Егоровка-Каныч, Телячин, Дунайка балық өтетін каналдарының түбін тереңдету бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленді. Үстіміздің жылы 318,0 млн.теңге көлемінде республикалық бюджет қаражат есебінен бұл жұмыстар басталды.