Павлодар облысының әкімі Е.М.Арынұлының қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Павлодар облысының әкімі Е.М.Арынұлының қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді
- Сұрақтар: 41
- Жауаптар: 41
- 09.10.2012
- 11.10.2012
- Павлодар облысының әкімдігі
Еркен Ауталипов 11.10.2012, Сұрақ нөмірі:
Мен кәсіпкермін, көкөніс өсірумен айналысамын. Өсірілген бақша өнімдерін түгелде қайда сатып өткізуге болады?
Администратор 11.10.2012
Көкөніс шаруашылықтарына картоп пен көкөніс өнімдерін сатуды ұйымдастыруда көмек көрсету мақсатында облыс қалаларында маусымдық сауда орындары ұйымдастырылуда.Павлодар қаласының аумағында көшпелі сауда жасауға 20 тегін сауда орны бөлінген. Қазіргі уақытта соның 12-нде Павлодар ауданының кәсіпкерлері көкөніс саудасын жүзеге асыруда. Сонымен қатар, қазіргі уақытта қалада 4 сауда алаңы жұмыс істейді, онда сауда орны үшін төлем алынбайда. Олар мына мекенжайлар бойынша көкөніс өнімдерін сатуды жүзеге асырады: 1) Ленин көшесі, 7; 2) Қамзин көшесі, 358/1; 3) Кутузов көшесі, 89; 4) Торайғыров көшесі, 111. Павлодар ауданының ауылшаруашылық құрылымдарының 19 сауда нүктесінде (дүкендер мен бөлімдер) көкөніс өнімдерінің саудасы жүзеге асырылады. Ауылшаруашылық жәрмеңкелері апта сайын сенбіде өткізіледі, онда шаруа және фермерлік шаруашылықтарға сауда орындары тегін беріледі. Ал Ақсу қаласында көкөніс саудасы үшін 9 маусымдық орын ұйымдастырылған. Ауылшаруашылық құрылымдарына «Ауыл» коммуналдық базарында орындар беріледі. Апта сайын жәрмеңкелер өткізіледі. Екібастұз қаласында көкөніс өнімдерін сату коммуналдық базарда жүзеге асырылады. Базар басшылығы Ақсу ауданы (Евгеньевка ауылы), Павлодар ауданы (Черноярка, Жаңа-Қала ауылы) ауылшаруашылық өндірушілерімен картоп пен көкөністі жеткізу бойынша шарттар жасаған. Сонымен қатар, қазіргі уақытта «Павлодар» ӘКК» ҰК» АҚ көкөніс шаруашылықтарымен 2012-2013 жылдардағы қысқы кезеңге картопты сақтауға салу бойынша меморандумдар жасау жұмысын жүргізуде.