Батыс Қазақстан облысының әкімі Ізмұхамедов Бақтықожа Салахатдинұлының қатысуымен өткен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыптағы Интернет-конференция
28 қыркүйекте Қазақстан Республикасының "Электрондық үкімет" веб-порталында Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетовтің қатысуымен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыпта Интернет-конференция өтеді. Интернет пайдаланушылары өзін қызықтырған сұрақтары ағымдағы жылдың 28 қыркүйек күнгі сағат 9.00.- дан 29 қыркүйек күнгі сағат 10.00.-ға дейін қабылданады. Сұрақтарға берілген жауап 2011 жылғы 2 қазанда веб-порталда орналастырылатын болады.
- Сұрақтар: 27
- Жауаптар: 27
- 28.09.2011
- 29.09.2011
- Интернет-конференция на тему: «О ходе реализации в регионе приоритетных направлений Послания Главы государства народу Казахстана от 28 января 2011 года «Построим будущее вместе!» с участием акима Западно-Казахстанской области Измухамбетова Бактыкожи Салахатдиновича
Хамидулла Мергалиев 28.09.2011, Сұрақ нөмірі:
Ауыл тұрғындарының кепілді сападағы ауыз сумен қамтылуының аса қажеттілігін ескере отырып, соңғы жылдары біздің аудан бойынша қаңдай жұмыстар атқарылды ?
Администратор 30.09.2011
«Таза су» бағдарламасы бойынша Тасқала, Оян ауылдарын сумен жабдықтау үшін республикалық бюджеттен 406163,6 мың теңге бөлініп, 2010 жылы 198 000,0 мың тенге игерілсе, 2011 жылы «Ақ-бүлақ» бағдарламасы бойынша 48480,0 мың теңге игеріліп жұмыстарының екінші кезеңі жүргізілуде. Сонымен қатар Ақтау, Достық ауылдарының су құбырларын қайта жаңғырту жұмыстарының жобалық сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамаға жіберілді.