Атырау облысы әкімі қатысуымен өткізілетін Интернет- конференция (26.10.2011)
2011 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасының "Электрондық үкімет" веб-порталында Атырау облысының әкімі Рысқалиев Бергей Сәулебайұлының қатысуымен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыпта Интернет-конференция өтеді.Пайдаланушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды ағымдағы жылдың қазанында жолдай алады. Сұрақтардың жауаптары 2011 жылғы 1 қарашада веб-порталға орналастырылатын болады.
- Сұрақтар: 95
- Жауаптар: 58
- 26.10.2011
- 26.10.2011
- Аким Атырауской области
Айдарбек Тарланов 26.10.2011, Сұрақ нөмірі:
Атырау бекіре балық өсіру зауыты жыл сайын 7 млн. дана шабақ өсіріп шығарады. Алдағы жылдары бекіре тұқымдас балықтарды өсіріп шығару көлемі көбейетін бола ма? Екінші сұрағым - облысымызда қанша балық шаруашылығы мекемелері бар және олар қанша көлемде балық аулайды?
Администратор 26.10.2011
Аталған мәселеге облыс әкімдігі бастамашы болып, ҚР Үкіметінің деңгейінде шешімін табуды қажет ететін проблемалық мәселелердің қатарына енгізілген. Үстіміздегі жылы Балық шаруашылығы комитетімен Атырау бекіре балық өсіру зауытының реконструкциясы үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындалды. Аталған жоба бекіре балық шабақтарын 12 млн. дейін өсіріп шығаратын және осы балық түрлерінің аналық үйірлерін жыл бойына ұстайтын зауыт қуаттылығын арттыру арқылы өндірісті жаңартуды қарастырады. Жобаны іске асыру мерзімі - 2012-2014 жылдар. Облыс әкімдігінің 2006 жылғы 20 маусымындағы «Атырау облысының балық шаруашылық су айдындарын табиғат пайдаланушыларға бекіту туралы» қаулысына сәйкес балық шаруашылығын 10 жыл (2016 жылға дейін) мерзімге жүргізу құқығын 15 табиғатпайдаланушылар алды, соның ішінде Жайық өзені бойынша -10 және Қиғаш өзені бойынша -5. Ағымдағы жылғы 17 қазандағы жедел мәліметке сәйкес, облыс бойынша табиғат пайдаланушылармен 4037,9 тонна балық ауланды. Қазақстан Республикасы Үкіметі бөлетін лимитке сәйкес жыл сайын балық шаруашылығы мекемелермен 16-20 мың тонна көлемінде балық ауланады.