Атырау облысы әкімі қатысуымен өткізілетін Интернет- конференция (26.10.2011)
2011 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасының "Электрондық үкімет" веб-порталында Атырау облысының әкімі Рысқалиев Бергей Сәулебайұлының қатысуымен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыпта Интернет-конференция өтеді.Пайдаланушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды ағымдағы жылдың қазанында жолдай алады. Сұрақтардың жауаптары 2011 жылғы 1 қарашада веб-порталға орналастырылатын болады.
- Сұрақтар: 95
- Жауаптар: 58
- 26.10.2011
- 26.10.2011
- Аким Атырауской области
Бактыбек 26.10.2011, Сұрақ нөмірі:
Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне емделу, тегін дәрі - дәрмектермен қамтамасыз ету қалай шешілуде?
Администратор 26.10.2011
Ұлы Отан соғысы мүгедектерімен бірге тұрғын халықты дәрі - дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде жаңа ережелер қабылдануда. Дәрігерге қаралып, диспансерлік есепте тұрған қандай да болмасын науқас ауруына байланысты жазылған рецепті бойынша дәрілерін мемлекеттік емдеу мекемесімен келісімшартқа отырған дәріханалардан тегін ала алады. Дәріхана өз кезегінде төлем мекемесі арқылы қаржысын қайтарып алады.