Атырау облысы әкімі қатысуымен өткізілетін Интернет- конференция (26.10.2011)
2011 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасының "Электрондық үкімет" веб-порталында Атырау облысының әкімі Рысқалиев Бергей Сәулебайұлының қатысуымен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыпта Интернет-конференция өтеді.Пайдаланушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды ағымдағы жылдың қазанында жолдай алады. Сұрақтардың жауаптары 2011 жылғы 1 қарашада веб-порталға орналастырылатын болады.
- Сұрақтар: 95
- Жауаптар: 58
- 26.10.2011
- 26.10.2011
- Аким Атырауской области
Алтынгуль 26.10.2011, Сұрақ нөмірі:
Жұмағалиева Алтынгүл Ілиясқызы №4 Ю.Гагарин атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Құрметті Бергей Сәулебайұлы!
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауына сәйкес білім бері жүйесін қазіргі заманғы талапқа сай дамыту тапсырмасы облыста үлкен қарқынмен жүргізіліп жатырғанына куә болып жатырмыз.
Сіздің тікелей қолдауыңызбен басқа салаларды айтпағанда, тек Атырау облысының білім саласына түбегейлі бетбұрыс, жаңа леп, өзгеше қарқын, тың жаңалықтар келгенін жұртшылық мойындайтын ақиқат.
Ақпарат беттерінен баяндамаңызда соңғы бес жылда облыста қатарынан қазіргі заман талабына сай, зәулім 25 жаңа білім беру нысаны іске қосылып, авариялық мектептер, үш ауысымды оқыту жүйесі мүлде жойыла бастағанын біліп отырмыз.
Тек биылдың өзінде ғана облыста бес бірдей мектеп салынып жатыр екен және алдағы екі жылда облысты керекті білім ордасымен жүз пайыз қамтылады екен. Сол кезеңде облысымыз жаңа мектеп құрылысын салуды қажет етпейді екен. Бұл жұмыстар басқа өңірлерде енді басталып жатқан кезде, бүкіл аймақты толықтай қамтыған осындай ауқымды құрылыс, қарқынды жұмыс алғаш рет біздің өңірде іске асыпты. Бұл үлкен жетістік!
Одан басқа, облыстағы күрделі жөндеуді қажет ететін мектептердің 50 пайызын түбегейлі жаңартып, қайта салу жоспарланыпты. Бұл жұмыстар да алдағы екі жылда аяқталады делінген. Сонда облыста ескіріп, тозған бірде-бір білім ордасы қалмайтыны анық. Бұрын осы жағдайдың бірі болған жоқ, оны осы жерде отырған бәріміз жақсы білеміз.
Сіздің білім саласында атқарып жатырған шаралар арқасында облысымыз биыл «Алтын белгі» бойынша 1 орынды иеленіп, көш басында келеді. Бұл білім сапасы осыған дейін артта қалған облыс үшін зор нәтиже, биік жетістік! ҰБТ-дан көрсеткіштеріміз жылдан жылға озық танылып келеді. Мемлекеттік аралық бақылау қорытындысы бойынша да ілгерлеушілік бар
Сондай-ақ 7 мектеп республиканың 100 үздік мектебінің қатарына енді. «Үздік аттестат» иегерлері өз білімдерін толық дәлелдеп шықты. Көптеген оқушыларымыз халықаралық, республикалық байқаулардың, олимпиадалардың жеңімпазы атанды. Міне, бұл ерен еңбек, биік көрсеткіш, нақты нәтиже деген осы!
Құрметті Бергей Сәулебайұлы! Ұрпақтың ұлы мұраты –білім жолында талмай еңбек етіп, облыстың білім саласын көш басына шығарып, бүкіл педагог ұстаздарға, халыққа жасап жатырған қолдауыңыз, атқарған абыройлы жұмысыңыз үшін Сізге мың алғыс айтамыз! Ел үшін атқарып жатырған қызметіңізге сәттіліктер мен жетістіктер тілейміз!