Атырау облысы әкімі қатысуымен өткізілетін Интернет- конференция (26.10.2011)
2011 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасының "Электрондық үкімет" веб-порталында Атырау облысының әкімі Рысқалиев Бергей Сәулебайұлының қатысуымен Елбасының "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" атты тақырыпта Интернет-конференция өтеді.Пайдаланушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды ағымдағы жылдың қазанында жолдай алады. Сұрақтардың жауаптары 2011 жылғы 1 қарашада веб-порталға орналастырылатын болады.
- Сұрақтар: 95
- Жауаптар: 58
- 26.10.2011
- 26.10.2011
- Аким Атырауской области
Асет 26.10.2011, Сұрақ нөмірі:
Ауылдық елді мекенге келген жас мамандарға қандай жеңілдіктер беріледі?
Администратор 26.10.2011
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді органы (мәслихат), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі мәлімдеген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт салаларының мамандарына қажеттілікті ескере отырып, жыл сайын мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғынүй сатып алу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы шешім қабылдайды. Басында айттым, жұмыс жасаймын деген мамандарға барлық жағдай жасалды. Қазір білім саласы толықтай кадрлармен қамтамасыз етілді. Енді педагог қызметкерлер арасында бәскелестік болуы шарт. Алдағы уақытта да ауылға барамын деген мамандарды пәтермен қамтамасыз етеміз, жәрдемақы береміз, одан басқа қажетті әлеуметтік-тұрмыстық қолдаулардың бәрі көрсетілетін болады.