Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі А.И.Мырзахметовтың қатысуымен Қазақстан Рсепубликасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі А.И.Мырзахметовтың қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді.
- Сұрақтар: 23
- Жауаптар: 23
- 09.04.2012
- 09.04.2012
- Акимат Южно-Казахстанской области
Серікқазы Кәкібаланов 09.04.2012, Сұрақ нөмірі:
Ассалаумағалейкүм! Елбасы жолдауында Электрондық үкіметті дамыту, оны халыққа қолжетімді ету туралы айтылды. Осы мәселеде облыста не жасалуда? Қарапайым халық Электрондық үкіметтің қызметтерін пайдалана алып жүр ме?
Администратор 10.04.2012
Қазіргі уақытта, Елбасының жолдауына сәйкес 60% әлеуметтік маңызды қызметтерді автоматтандыру жұмыстары тиісті салалық министрліктермен бірлесіп атқарылып, электронды форматта көрсету жұмыстары жүргізілуде. Облыс әкімдігі тарапынан 14 қызмет автоматтандырылды және 2011 жылы өңірде «Е-әкімдік» жобасы аясында 20 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет облыс орталығы Шымкент қаласына енгізіліп, ағымдағы жылы жобадағы 6 қызметті аудан деңгейінде көрсету жұмыстары жүргізілуде. Е-лицензия ақпараттық жүйесі лицензия беруге құзыретті жергілікті атқарушы органдарға орнатылып, 6 түрлі лицензия электронды түрде өңделуде. «Электронды мемлекеттік қызметтерді алу дағдыларына халықты үйрету» семинарларында 2011 жылы облыста 3657 адамға сертификат берілді. Ағымдағы жылы 5040 адамды оқыту жоспарлануда.