Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі А.И.Мырзахметовтың қатысуымен Қазақстан Рсепубликасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі А.И.Мырзахметовтың қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді.

  • Сұрақтар: 23
  • Жауаптар: 23
  • 09.04.2012
  • 09.04.2012
  • Акимат Южно-Казахстанской области

Икрамов С. 09.04.2012, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Қарағандыда жаңадан соғылған көп қабатты тұрғын үй құлады. Ал Шымкент қаласындағы Нұрсәт ш/а соғылған үйлерге қандай кепіл бере аласыз.

Администратор 10.04.2012

Шымкент қаласындағы «Нұрсәт» ш/а тұрғын үйлердің құрылыс барысы тапсырысшы және техникалық, авторлық қадағалаушы мекемелер тарапынан бақылауда. Тапсырысшы тарапынан тұрғын үйлердің құрылысының жобаға сай және сапалы жүргізілуі тұрақты тексеріледі. Сонымен қатар тұрғын үйлерге қолданатын құрылыс материалдарының сапасына және құрылыс жұмыстарына Оңтүстік Қазақстан облыстық сәулет құрылыс бақылауы департаментінің тарапынан қадағалануда.