Атырау облысының әкімі Б.С.Рысқалиевтің қатысуымен Қазақстан Реcпубликасы Президентінің Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция
Атырау облысының әкімі Б.С.Рысқалиевтің қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді
- Сұрақтар: 54
- Жауаптар: 44
- 30.05.2012
- 02.06.2012
- Маңғыстау облысының әкімдігі
Сатқанова Салтанат 31.05.2012, Сұрақ нөмірі:
Сәлеметсіз бе Бергей Саулебаевич!
Қазақстан Республикасы Президенті жақын жылдарда елдің индустрияландыруын белгіледі. Осы жоспарда біздің облысымызда не көзделген?
Администратор 01.06.2012
Бұл Елбасының облыс алдына қойып отырған маңызды міндеттерінің бірі. Айта кету керек, біздің өңірімізде бұл бағытта нәтижелі жұмыстар бар. Бағдарлама аясында облыста 2015 жылға дейін жалпы құны 42,9 млрд. теңге 20 инвестициялық жоба іске асырылып, 1640 адам жұмыспен қамту жоспарланған. Биыл 10 млрд. теңге болатын 6 жаңа өндірісті іске қосып, мыңнан астам адамды жұмыспен қамту қолға алынуда. Одан басқа 2 ірі инвестициялық жоба: құны 6,3 миллиард доллар тұратын мұнай-газ-химия кешені мен Атырау мұнай өңдеу зауытында құны 1,7 миллиард доллар мұнайды терең өңдеу комплексін жүзеге асыруды Президент өз Жолдауында Үкіметке нықтап тапсырды. Бұлар көптен айтылып, бірақ қозғаусыз жатқан жобалар. Енді нақты іске көшіп, бұл аталғандар облыстағы инновациялық өндірісті дамытудағы қуатты қарқын, өңір экономикасына қосылар тың серпін болары сөзсіз. Сонымен қатар күкіртті өңдеу қуаттарын кеңейту, қуаты жылына 1 млн. тонна цемент зауыты, құбыр жүргізуші арматура шығаратын зауыттар салу қарастырылған.